AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Freedom Holding Corp. 2022 қазыналық жылғы қорытынды бойынша $565 млн табыс тапты

Freedom Holding Corp. 2022 жылғы 31 наурызда аяқталған 2022 қазыналық жылғы қаржы нәтижелері жайында хабарлайды.

фридом

Аталған кезең ішіндегі негізгі көрсеткіштер:

1). 2022 қазыналық жылғы қорытынды бойынша Холдинг түсімі $565 млн, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда $212 млн-ға немесе 60%-ға көбірек.  Мұндай нәтижеге мына жағдайлар әсер етті:

a. клиенттер шотының ұлғайып, қызметтің кеңеюіне (белсенді клиенттер мен мәмілелер санының өсуі) байланысты комиссиялық кірістің 59%-ға немесе $160 млн-ға өсуі, яғни $272 млн-нан $432 млн-ға дейін;

b. сауда портфелі жалпы көлемінің және ондағы облигациялар санының ұлғаюына байланысты пайыздық кірістің 197%-ға немесе $61 млн-ға өсуі, яғни $31 млн-нан $92 млн-ға дейін;

c. сауда бағалы қағаздар пайдасының 70%-ға немесе $32 млн-ға өсуі, яғни $46 млн-нан $78 млн-ға дейін;

d. көбіне ресей рублінің АҚШ долларына қатысты 11%-ға әлсіреуіне байланысты шетел валютасымен жасалатын операциялар залалының $41 млн-ға өсуі.

2). Холдинг шығысы мына себептерге байланысты $148 млн-ға немесе 83%-ға ұлғайды:

a. операциялық шығыстың $84 млн-ға ұлғаюы Холдинг қызметінің кеңеюі, қызметкерлерді жалдау, сыйақы шығысы нәтижесінде, негізгі қызметкерлерге акциялардың шектелген гранттарының шығарылуы нәтижесінде жалақыға жұмсалған шығысқа байланысты;

b. бағалы қағаздар бойынша РЕПО келісімдерінің есебінен қысқа мерзімді қаржыландыру көлемінің өсуі және нәтижесінде клиенттердің депозиттік шоттары өсіп, депозиттердің пайыздық шығысының өсуі салдарынан пайыздық шығыстың $49 млн-ға ұлғаюы.

3). 2022 және 2021 қазыналық жылғы қорытынды бойынша:

a. Холдингтің таза пайдасы $211 млн-ға тең және сәйкесінше $143 млн;

b. 59 млн дана акцияның орташа есептелген санына байланысты есептелген Холдинг акциясының пайдасы $3.56 және сәйкесінше $2.45;

c. басқа да жиынтықты кірісі $194 млн-ға тең және сәйкесінше $145 млн.

4). 2022 қазыналық жыл ішінде Холдинг активтері мен міндеттемелері $902 млн-ға ұлғайды және сәйкесінше $670 млн.

5). 2022 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша шамамен 410 клиент шоты ашылды, бұл 2021 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша клиенттер шотының санымен салыстырғанда 120 мыңға немесе 41%-ға көбірек.

“ТМД елдерінің, сондай-ақ әлемнің қаржы нарықтарына әсер еткен геосаяси дағдарысқа қарамастан, біз 2022 қазыналық жылды жақсы көрсеткіштермен аяқтадық. Freedom Finance компаниясының Қазақстандағы экожүйесі бірқатар жетістікпен толықты, сол арқылы біз жаңа инновациялық жобаларды іске асырып, клиенттерімізге жан-жақты қызмет көрсете аламыз. Біздің еуропалық бизнесіміз айтарлықтай нәтиже көрсетті әрі біз жаңа өкілдіктер аша отырып, ЕО-ғы өз географиялық орнымызды кеңейтеміз. Біздің барлық бағытта дамуға қатысты зор әрі өр жоспарымыз бар және командамыздың алдында оларды іске асыруға байланысты үлкен жұмыс күтіп тұр”, – дейді СЕО, Freedom Holding Corp. Тимур Турлов.

Бұдан бөлек, 2022 күнтізбелік жылдың екінші тоқсанының соңында Холдинг құрылымын қайта құру жоспарланады. Атап айтқанда, «Фридом Финанс» ИК және «Фридом Финанс» Банкі Freedom Holding Corp құрамынан шығады және бөлек ресейлік бизнес болмақ. Мұндай қадам ресейлік жеке инвесторлардың мүддесін қорғау мақсатында жүзеге асырылады, себебі қазіргі сәтте америкалық холдингпен үлестестік ресейлік брокердің және банктің табысты операциялық қызметіне кедергі келтіруде.

Бірінші кезеңде Тимур Турлов америкалық жария холдингтен ресейлік бизнесті сатып алып, оларға иелік етуін енді жеке тұлға ретінде жалғастырмақ. Осылайша, ресейлік компаниялардың түпкілікті бенефициары өзгермейді. Бұдан кейін Тимур Турлов оларды «Фридом Финанс» ИК және «Фридом Финанс» Банкі топ-менеджментінің өкілдеріне сатуы мүмкін. Бұл компаниялар жергілікті нарықтағы жұмыстарын енді холдингтен бөлек жалғастырады, себебі Ресейде олардың клиенттері де, төлемдері де, перспективалық даму стратегиясы да көп.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр