Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Freedom Bank қытайлық UnionPay Business компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қытай мен Қазақстан арасында

Freedom Bank қытайлық UnionPay Business компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа қол қою рәсімі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бейжіңге сапары аясында өткен Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің кезекті отырысында өтті.

Freedom Bank пен UnionPay Business Қазақстан мен Қытай арасындағы келісім шекарааралық электронды коммерцияны көтерме сауда саласында дамытуға, екі ел арасындағы экономикалық және сауда байланыстарын нығайтуға бағытталған.

Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесі отырысының алдында президент Тоқаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин арасында  кездесу өтті. Қазақстан көшбасшысы Іскерлік кеңес отырысында іс-шараның жоғары деңгейде өткенін атап өтті. Бұл кездесудің екіжақты қарым-қатынастардың дамуына қосымша серпін бергенін жеткізді.

Кездесуге тараптардың ірі бизнес өкілдері де қатысты. Олар жаңа іскерлік байланыстарды орнату және қолданыстағы іскерлік қатынастарды нығайту мәселелерін, экономиканың негізгі салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. 

Ынтымақтастық туралы меморандум: Freedom Bank, UnionPay Business және Verum Payments Limited жеке компаниясы арасында үш жақты жүргізілді. Оған Freedom Bank Директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұлов, UnionPay Business Payment Co., ltd Hebei Branch бас директоры Го Гуансин және Verum Payments Limited жеке компаниясының бас директоры Ринат Берікболов қол қойды. 

Қол қоюшылар Freedom Bank арқылы электрондық коммерция және цифрлық экономика саласында Қытай-Қазақстан трансшекаралық есеп айырысу жүйесін құру туралы келісті.

Қытай мен Қазақстан арасында

Бұл процесс "Синьхуа" ақпараттық агенттігінің алдыңғы қатарлы салаларды талдау орталығының қолдауымен және CITIC POLY FUND еншілес компаниясының Polyking New Horizons Technology Industry Co., Ltd-ның қаржылық қолдауымен жүзеге асырылады. 

Сонымен қатар, тараптар Қытай мен Қазақстан арасындағы трансшекаралық электрондық коммерцияны және көтерме сауда саласындағы төлем операцияларын белсенді дамытуды, экономикалық және сауда байланыстарын нығайтуды жоспарлап отыр.

“Қол қойылған құжаттың негізгі тармақтарының бірі инфрақұрылымды дамыту және ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі бірлескен іс қимыл туралы келісім болды. Біз UnionPay Business-ке есеп айырысу жүйесін әзірлеуге және енгізуге, оның Орталық Азия нарығында дамуына жәрдемдесетін боламыз. Өз кезегінде, UnionPay Business Freedom Bank-ке төлем арналарын ашуда, техникалық қызметтер көрсетуде және Қытай банктерінде юань мен АҚШ долларында корреспонденттік шоттар ұсынуда қолдау көрсетеді. Бұл Қазақстан мен Қытай арасындағы әріптестікті нығайтуға және трансшекаралық есеп айырысуларды дамытуға маңызды әрі қажетті қадам”, – деді Freedom Bank Директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұлов. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Freedom Bank және UnionPay International UnionPay төлем карталарына эквайрингтік қызмет көрсетуді іске қосқан еді. Енді UnionPay төлем карталарынан тауарлар мен қызметтерге POS-терминалдар арқылы және Freedom Pay қызметіне қосылған мерчанттардың сайттарында ақы төлеуге болады. Сервис Қазақстанда да, одан тыс жерлерде де шығарылған барлық UnionPay карталары үшін қолжетімді.

STAN.KZ
Сейсенбі, 02 Қыркүйек, 2025 15:19
Талқылау