Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Freedom Bank “Өрлеу” бағдарламасы бойынша несие рәсімдеуді онлайнға көшірді

Қазақстандық кәсіпорындарға бизнесті дамыту үшін жаңа мүмкіндік пайда болды. Freedom Bank "Өрлеу" мемлекеттік бағдарламасы аясында елімізде бірінші болып ЖШС үшін цифрлық несиені іске қосты. Енді микро, шағын және орта бизнес иелері  батырманы басу арқылы үйден шықпай-ақ 12,6% тұрақты қаржыландыруды ала алады. Қарыз кепілсіз және комиссиясыз беріледі.

Жеңілдетілген мөлшерлемемен онлайн-кредитке өтінім беру үшін corpcredit.bankffin.kz сілтемесіне өту қажет. Одан кейін компанияның БСН-ін, директордың ЖСН-ін және ұялы телефон нөмірін көрсету жеткілікті.

Несие бойынша құжаттар автоматты түрде қалыптастырылады және электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы қол қойылады. Өтінімді мақұлдау уақыты 3 сағатқа дейін, ал қаражатты аудару 24 сағат ішінде жүзеге асырылады.

Айналым қаражатын толықтыруға берілетін несиенің ең жоғары сомасы – 200 милион теңге, мерзімі – үш жылға дейін. Бағдарлама өңдеу өнеркәсібі, көлік және қойма, ауыл шаруашылығы және өзге де салалардағы кәсіпорындарға бағытталған.

Айдос Жұмағұлов, Freedom Bank Директорлар кеңесінің мүшесі:

"Біздің цифрландыру бағытындағы тәжірибеміз көрсеткендей, егер барлық кезеңдер мен процестер автоматтандырылса - бағдарлама барша нарық қатысушылары үшін қолжетімді болады. Мысалы, 7-20-25 бағдарламасында цифрлық ипотека  шарттарын өзгертті. Біз осы бағдарлама аясында нарықтың 50%-дан астам үлесін иелендік. Мемлекеттік бағдарламалар шеңберіндегі несиеге кәсіпкерлердің жоғары қызығушылығын байқап отырмыз. Freedom Bank пен ФРП "Даму" арасындағы ынтымақтастық туралы жариялағаннан кейін еліміздегі филиалдарымыз жүздеген өтініш қабылдады. Қолдауға деген ең жоғары қажеттілік ауылдық жерлердегі кәсіпорындарда екені байқалады. Осыған байланысты біз "Өрлеу" бағдарламасы бойынша несие алу процесін цифрландырып, оны компаниялар үшін барынша қолжетімді етуді мақсат еттік. Бұл жеңілдетілген қаражатты алуды оңайлатып, бағдарламаны бизнес үшін ыңғайлырақ етеді. Екі айдың ішінде банк 40 миллиард теңгеден астам сомаға бағдарламаны мақұлдады және цифрландырудың арқасында бұл көрсеткішті едәуір арттырамыз деп есептейміз"

Фархат Сәрсекеев, "Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қорының Басқарма төрағасы:

"Даму" қоры үшін басты міндет – бизнестің дамуына қызмет ететін құралдарды жасау. "Өрлеу" бағдарламасы аясындағы цифрлық кредитті іске қосу — Freedom Bank-пен тиімді ынтымақтастықтың нәтижесі. Несиелеуді цифрландыру бірқатар өзекті міндеттерді шешеді. Әрі мемлекеттік бағдарламалардың қолжетімділігін арттырып, қарыз беру процесін жеделдетеді. Ең төмен еңбек шығындарымен шешім қабылдаудың айқындығын қамтамасыз етеді. Freedom Bank мұндай өнімді жүзеге асырғанына қуаныштымыз және өзге банктер де ұқсас сервистерді енгізеді деп үміттенеміз"

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің банктік және өзге де операцияларды жүргізуге берілген №1.1.108 лицензиясы, 25.06.2024 ж
 

STAN.KZ
Бейсенбі, 11 Қыркүйек, 2025 09:34
Талқылау