Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Freedom АІ ассистент пен ChatGPT-дің толық тегін ңұсқасы президентке көрсетілді

Digital Bridge халықаралық форумының аясында өтіп жатқан цифрлық шешімдер көрмесінде президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Freedom Bank компаниясының инновациялық AI өнімдері көрсетілді. Мемлекет басшысына Freedom АІ ассистент және қазақстандықтар үшін ChatGPT-дің толық тегін ңұсқасын Тимур Турлов пен Айдос Жұмағұлов ұсынды. Мемлекет басшысы өз сөзінде ел экономикасының барлық салаларын цифрландыруды дамытуды қолдайтынын бірнеше рет білдірген.

Freedom Business мобильді қосымшасында 49 банк операцияларын орындауға қабілетті дауыстық Freedom АІ ассистент Қазақстанның кәсіпкерлеріне қолжетімді. Сонымен қатар қолданбаны пайдаланушы жеке кәсіпкерлер ChatGPT-дің барлық функцияларын еркін қолдана алады.

Жаңа функционал Android пайдаланушылары үшін қолжетімді. Жақын уақытта ол iOS құрылғыларының иелеріне де ұсынылады. Ал iOS жүйесіне іске қосылуы туралы ресми сайтта және банктің әлеуметтік желілерінде хабарланады.

Жаңа сервистер туралы Freedom Holding Corp.-тың бас атқарушы директоры Тимур Турлов пен Freedom Bank Директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұлов айтып берді.

Freedom Business-тегі АІ дауыстық көмекшісі компания иелерінің уақытын үнемдейді, күнделікті жұмыстан босатады және мысалы, салық төлеуге көмектеседі. Ассистент қазақ және орыс тілдерінде барлығы 49 команданы орындайды. Енді кәсіпкерлер дауысты пәрменнің көмегімен қаржыны өз шоттары арасында аудара алады, депозитті толықтыра немесе одан қаржыны алып тастай алады. Ай сайынғы кредит, айыппұлдар, қызметкерлердің жалақысын төлей алады, контрагенттерге шот-фактура және тағы басқаларын жасай алады. Жобаны жүзеге асыру үшін банктік операциялар жасанды интеллект көмегімен цифрландырылды. AI ассистенті Тимур Турловтың дауысымен сөйлейтінін айта кету керек.

"Біз инновацияларды енгізуде жедел табысқа жете алатын жасанды интеллектің орасан зор даму дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан дамудың жалғыз логикалық тәсілі – жасанды интеллект пен банкинг мүмкіндіктерінің синергиясы. Негізінде біз AI-first стратегиясына қарай бет алып келеміз. Біз үшін жасанды интеллектің клиенттердің күнделікті сұраныстарын барынша оңтайландыратыны, компанияға тез арада көмектесе алатыны маңызды. Тек қаржылай-технологиялық институт болу жеткіліксіз, AI банктердің уақыты келді", – деп атап өтті Тимур Турлов.

Презентацияның екінші бөлігінде Қазақстандағы барлық жеке кәсіпкерге ChatGPT-ге тегін қолжетімділік ұсынылды. Енді Freedom Business қосымшасына кірген әр кәсіпкер танымал нейрожелінің жетілдірілген функцияларын қолдана алады. Бұл – ШОБ үшін бизнес процестерді оңтайландыруға, бірқатар күнделікті міндеттерге қаржы мен уақытты үнемдеуге, бизнесті дамыту үшін кәсіби болжам жасауға, гипотезалар мен модельдерді тексеруге, бизнес кейстерге қосылуға және тағы басқасына үлкен мүмкіндік.

Банк қызметтеріне AI-ді іске қосудың келесі кезеңі ұқсас қызметтерді Freedom SuperApp қосымшасына біріктіру болады. Жақында Freedom Bank клиенттері – жеке тұлғаларға Freedom АІ дауыстық ассистенті және ChatGPT интеграциясы қолжетімді болады. Олар қазірдің өзінде жабық тестілеу режимінде жұмыс істейді. Бұл клиенттерге банк операцияларын ғана емес, сонымен қатар, мысалы, билет сатып алу, сақтандыру полисін рәсімдеу, өнімдерге тапсырыс беру және т.б. мүмкіндік береді.

"Дауыстық АІ ассистентті және тегін ChatGPT-ді енгізу – Қазақстандағы бизнестің жылдам әрі тиімді жұмыс істеуіне жасанды интеллект қалай көмектесетінін көрсететін қадам. Біз кәсіпкерлерге операциялық жүктемеге емес, дамуға және стратегиялық міндеттерге назар аударуға мүмкіндік беретін барлық негізгі банк функцияларын цифрландырдық. Мұндай технологиялар жай ғана ыңғайлы құрал емес, болашақта компаниялардың бәсекеге қабілетті болуының негізгі факторына айналады", – деп атап өтті Айдос Жұмағұлов.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің банктік және өзге де операцияларды жүргізуге берілген №1.1.108 лицензиясы, 25.06.2024 ж.

Еңлік Сақтан
Жұма, 03 Қазан, 2025 11:34
Талқылау