Француз әйел кек қайтару үшін күйеуінің жыныс мүшесін өртеп тастады
Француз әйелі күйеуіне медициналық препарат беріп, кейіннен оның жыныс мүшесін аэрозольді баллонның көмегімен өртеп жіберген. Зардап шегуші ауруханаға жеткізілген. Ол әлі есін жиған жоқ.
Франция құқық қорғау органдары 51-жастағы Монпалье қаласының азаматшасын тұтқындады. Әйел бұрынғы күйеуіне препарат беріп, ұйықтатып, кек қайтару үшін оның жыныс мүшесін өртеген. Айтуынша, күйеуі оны талай жылдан бері зорлап келген. Бұл туралы BFMTV телеарнасы хабарлаған.
Оқыс оқиға өткен жексенбіде орын алғанымен, БАҚ құралдары ол туралы тек сәрсенбіде біліп отыр.
Бұрыңғы ерлі-зайыптылар бір шаңырақтың астында тұрған. Қазіргі таңда еркектің өмірі қыл үстінде.
Тергеу барысында азаматша ұзақ жылдан бері зорлық көріп келгендігін айтқан. Өзінің қылмыстық әрекетін әйел «кек қайтарумен» түсіндеді.
Тергеушілер әйелдің әңгімесін жүйелі деп қабылдағанымен, оны психиатриялық сараптамаға жіберді.
Кек қайтарушы жәбір көрсету арқылы адам өміріне қастандық жасағаны үшін айыпталып отыр.
Жіберіп алмаңыз:
ШҚО-да әйелі күйеуін оқтаумен ұрып өлтірген
Алматылық балаларының көзінше әйелінің үстіне жанармай құйып өртеген
Семейде күйеуінен таяқ жеп келген келіншек оны пышақтап өлтірді