Семейде күйеуінен таяқ жеп келген келіншек оны пышақтап өлтірді

Сенбі, 23 Шілде , 2016 12:59

Тағы да бар отбасылық жанжал адам өлімімен аяқталды. Әйелін соққыға жықпақ болған еркек пышақ жарақаты салдарынан қайтыс болды. Сот отырысы кезінде әйелдің бір емес, бірнеше рет күйеуінен таяқ жегені анықталған. Келіншек тергеу жұмыстарынан кейін 25 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

85502_709196_1000x700

Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.

Қылмыстық іс құжаттарынан отбасының бастапқыда бақытты ғұмыр кешкенін байқауға болады. Мәдина Ринат есімді азаматқа (есімдері өзгертілді) 2007 жылы тұрмысқа шыққан. Олар осы күнге дейін екі бала тәрбиелеген. Жолдасы құрылысшы болып жұмыс істеген. Ал өзі балалар тәрбиесімен айналысқан.

2014 жылы Ринаттың жұмыстарында қиындық туындай бастайды. Азамат ішімдікке салынады. Мас кезінде Мәдинаға бірнеше рет қол көтереді. Бұл туралы тек жақын туыстары ғана білген екен. 2015 жылы Мәдина асханаға аспаздың көмекшісі болып жұмысқа тұрады. Осы уақыттан бастап Ринат оны қызғанып, күн сайын соққыға жығады.

Жаңа жыл түнінде Ринат ішімдікке тойып алып әйелін тағы да ұра бастайды. Бұл қорлыққа шыдамаған Мәдина жолдасын ажырасамын деп қорқытады. Бастапқыда Ринат әйелін тыржалаң күйінде көшеге қуып шықпақ болған. Бір уақытта жолдасы райынан қайтып, қолына пышақ алып Мәдинаға қарай жүгіреді. Мәдина жолдасын итерген кезде әлгінің қолынан пышағы түсіп қалады.

Осыны пайдаланып Мәдина пышақты ала салып сыртқы есікке қарай жүгіреді. Өкінішке орай, есікті аша алмай бөгеледі. Осы уақытта жолдасы оны тағы да ұрмақ болады. Физикалық қысымнан шаршаған келіншек оны кеуде тұсынан пышақпен жарақаттайды. Артынша жедел жәрдем шақырады.

Сот отырысы кезінде Ринаттың туысқандары барлығына Мәдинаның өзін кіналаған. Оның жолдасының көзіне шөп салғанын, Ринаттың ішімдікке салынуына тікелей әсер еткенін айтқан. Ал марқұмның әкесі мұны алдын ала жоспарланған қылмыс деп бағалаған.

Сот төрағасы мұны өзін қорғау мақсатында жасалған қылмыс деп танып, келіншекті екі жылға бас бостандығынан айырды. Әзірге бұл үкім заңды күшіне енбеді.


Жіберіп алмаңыз:

Алматы тұрғыны жалға алу құнын төлемегені үшін дүкен қызметкерін пышақтап тастаған

Екібастұзда әйел құрбысын қызғаныштан пышақтап өлтірді

Қызылордалық шемішкенің қабығы үшін күйеуін пышақтап өлтірді

Екібастұзда жас келіншек ер адамды пышақтап өлтіріп, ауласына тастап кеткен

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

7
Комментариев
  • Анонимно says:

    балаларына обал боладау,қазақ не болып бара жатырык.

  • Анонимно says:

    Үндемей қалуды жөн деп санамадым. Әйелге қорлықты бірнеше жылдар бойы көрсеткен. әйел өзін – өзі қорғаған. Қазір бұндай жағдайлар өте көп, еркектер де бала алдындағы, семьясы алдындағы жауапкершілік жоқ, әйелде біреудің баласы, осындай еркектерге заңдықатайту керек.

  • Анонимно says:

    Соттаманыздаршы. Оз озин қорғамаган жағдайда алги пышақ пен әйелің олтиретин едигой. Әйел адам таяқ жеу ушин жаралмаган.

    • Анонимно says:

      Сотталмауы керек

      • Анонимно says:

        аел киси они абден ойланип план мен истемеген сотталмау кк

        • Анонимно says:

          Егер айел куйеуынын козыне шоп салса,сотталуы керек.ОЛ оте ауыр куна.Ал егер олай болмаса,куйеуы оз-озыне укым жасады деп ойлаймын.

    • Анонимно says:

      Иа сотталмасын балаларын ким карайды. Ал егерде пвшак айелге тигенде балалары щешесиз омир суретинбеди. Анадай акенин болмаганы артык айелине кол котерген аке кайбир жонди адам дейсин. Айел адам кашангы шыдасын шеги барго.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар