Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Француз әншісі сахнада тоқ соғып ажал құшты

Сахнада өнер көрсетіп жатқан француз әншісі және композиторы Барбара Велденсті электр тоғы соғып, қаза тапты.

1498837444

Қайғылы жағдай бейсенбіде, түнде Францияның оңтүстік-батысындағы Гурдон коммуна соборында өтіп жатқан музыкалық фестиваль кезінде болған. Оқиға орнына келген дәрігерлер 35 жастағы әншінің  жүрегі тоқ соққан сәтте тоқтағандығын айтты.

Жергілікті прокуратура осы факті бойынша тергеу жұмыстарын бастады.

Барбара Велденс 2016 жылы Жак Брель атындағы фестивальде жас таланттар байқауында жеңіске жеткен еді. Ол өзінің алғашқы студиялық альбомын 2017 жылдың 3 ақпан күні шығарды.

Тағы да оқыңыз:

Қарағандыда қоғамдық көлік шопырлары қан-жоса болғанша төбелесті (видео)

Шымкентте сатушы жігіт елді алдап жүрген алаяқ әйелдің қулығын әшкере қылды (видео)

Бір үйір жылқыны пойыз басып өтті (видео)

Талқылау