AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Франциядағы президент сайлауы: Макрон сайлаудың бірінші туры бойынша алдыда келеді

Францияда бірнеше күннен бері президенттікке сайлау өтіп жатыр. Елдің қазіргі президенті Эммануэль Макрон бюллетеньдердің 90 пайызын санағаннан кейін мемлекет басшысына сайлаудың бірінші турында көш бастап тұр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме беріп.

Екінші орында – Марин Ле Пен 24,58 пайыз жинаған. Үшінші орында - "Жауланбаған Франция" солшыл партияның басшысы Жан-Люк Меланшон (20,96 пайыз), төртінші орынды оңшыл кандидат, "Жаулап алу" партиясының негізін қалаушы Эрик Земмур (6,94 пайыз) иеленді. Бесінші орында орталық-оңшыл республикалық партияның кандидаты Валери Пекресс (4,76 пайыз) көрсетті.

Сонымен бірге астана аймағындағы хаттамалардың 45 пайызын өңдегеннен кейін Макрон 30,41 пайыз дауыспен көш бастап тұр.

Сондай-ақ, Францияда дауыс беру қарсаңында Парижді наразылық шерулері шарпыды. Президенттікке үміткерлердің де мүмкіндіктері бірдей. Бірақ наразылық білдірушілердің агрессиялы ұрандары қазіргі президентке қарсы бағытталған.

Айта кетейік, Францияда президенттік сайлаудың екінші кезеңі 24 сәуірде өтеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр