Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Францияда полиция бағынбаған жасөспірімді атып өлтіргені үшін халық наразылық шеруіне шықты

Францияда полиция жасөспірімді бағынбағаны үшін өлтіргеннен кейін Париж маңында наразылық шерулері басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ura.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 27 маусым күні таңертең Нантер қаласында болған. 17 жастағы жасөспірім полиция тексеруі аясында көлігін тоқтатудан бас тартып, нәтижесінде құқық қорғау қызметкерлері оған оқ атқан.

Оқиғадан бірнеше сағат өткен соң әлеуметтік желілерде полицияның әрекетіне наразылық білдіру туралы үндеулер тарай бастады.

Түн батқан кезде Нантер көшелерінде тәртіпсіздіктер басталды. Кейбір азаматтар баррикадалар мен қоқыс жәшіктерін өртеп, автобус аялдамасын да талқандады. Марқұмның үйінің жанына да халық жиналды.

Сонымен қатар, олар полицейлерге петардаларды, тастарды және тұтандырғыш қоспаларды лақтыра бастады. Бұған тәртіп сақшылары көзден жас ағызатын газ шашып жауап қайтарды. Салдарынан бір адам көзден жарақат алған. Қала әкімшілігінің хабарлауынша, шерушілер үш көлікті де өртеген. Наразылық білдіру орындарына арнайы әрекет ету бөлімшелері шақырылды.

Біраз уақыттан кейін басқа қалаларда наразылықтар басталды. Осылайша, толқулар Сюрен, Асниер-сюр-Сен, Генневилье, Ла Гарин-Коломб және Вильневте жалғасуда.

Талқылау