Францияда полицейлер қорап ішінен кесілген адам басын тауып алды
Франция полициясы ер адамның басы салынған қорапты тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
France 3 Regions-тың хабарлауынша, Франциядағы Тулон қаласының полициясы пәтер иесін ұстады. Пәтер терезесінен ер адамның басы кесілген картон қорап лақтырылды.
Қораптың қала орталығынан табылғаны атап өтілген. Қазір қаланың бұл бөлігін полиция қоршаған.
Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, адам басы үй-күйсіз жүрген адамға тиесілі. Оны күдікті бір күн бұрын пәтеріне шақырған. Пәтерден тағы бір үйсіз адам табылды, ол да пәтер иесіне қонаққа келген.
Media Citoyens хабарлауынша, оқиғадан кейін пәтердің иесі де, оның екінші қонағы да ұсталды.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ