Францияда маска тағуды өтінген автобус жүргізушісін өлтіріп кеткен

Францияның оңтүстік-батысында Байонна қаласында төрт жолаушы маска тағуды сұраған автобус жүргізушісін аяусыз соққыға жыққан. Алған жарақанынан жүргізуші көз жұмған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Time  басылымына сілтеме жасап. 

француз

Автобус жүргізушісі Филипп Монгийо жолаушыларға бетперде киіп, билет көрсетуді сұрапты. Осы сөзі үшін бұзақылар жүргізушіні соққыға жыққан. Куәгерлердің айтуынша, жолаушылар аса қатыгездікпен ұрған көрінді. Содан кейін қылмыскерлер оқиға орнынан қашып, бірінің пәтерінде жасырынған. Полицейлер қылмыстың ізін суытпай қандықол қылмыскерлердің бәрін құрықтады.

Олардың екеуі 22 және 23 жастағы жас жігіттер. Оларға кісі өлтіруге оқталғаны үшін айып тағылды. Тағы екеуіне қауіп төнген адамға көмек көрсетпегені үшін айып тағылды. Енді кінәлілер сот шешімін күтеді.

Франция президенті Эммануэль Макрон қаза тапқан автобус жүргізушісінің жесірімен кездесу үшін ішкі істер министрін жіберді.

"Мұнда жағдай қайталанбауы керек. Біз бастан кешкен бқл жағдайды басқа отбасыларда болмасын. Біздің көпшілік қолдайтынына сенемін", - деді министр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр