Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Францияда қала мэрі кездескен кезде сүйісіп емес, қол беріп амандасуды ұсынды

Францияда қала мэрі жергілікті халық үшін аса маңызды мәселені көтерді. Ол кездесу кезіндегі сүйісудің орнына, қол қысып амандасуды ұсынған.

Франция халқында кездескен кезде бір-бірінің бетінен бірнеше мәрте сүйюіп “la bise” көрісу жағдайы баяғыдан дәстүр болып қалған. 415 тұрғыны бар Морет қаласының әкімі тұрғындарға осы бір дәстүрден бас тартуды ұсынды.

Ол өз әріптестеріне де хат арқылы осы ұсынысын жолдаған.

Пикар-Вольфтің сөзінше халық бүкіл әлемге ортақ қол қысып амандасу мәдениетіне ауысқаны жөн.

Қала әкімінің өзі алдағы уақытта іскерлік бойынша кездесулерде сүйіспеуге тырысатынын айтқан. Сондай-ақ, ол соңғы айларда жиналыста 73 әріптесімен сүйіспеу үшін үнемі кешігіп баруды әдетке айналдырған.

«Ондаған адаммен сүйісіп көрісуден шаршадым. Меніңше ұсынысыма орай  әр адам өзі шешім қабылдайды деген ойдамын.Кездесу алдында сүйісіп амандасу немесе сүйіспеу маңызды болмауы керек»,-деп жазған Пикар-Вольф.

Ол есін білгелі француздардың алыс танысын болсын жабыса сүйіп қарсы алатын әдетін ұнатпайды екен.

«Ер адамдар қатты жақын туыс болмаса бір-бірімен сүйісіп амандаспайды. Бұл әрине қарапайым дүние,бірақ уақытты алатын іс. Осының өзі гендерлік тең құқықта емес екенімізді көрсетеді»,-дейді қала әкімі.

Қала әкімінің осы ұсынысынан кейін ел арасында үлкен талқы басталған. Көптеген әйелдер мэрді қолдап, қол қысып амандасудың дұрыс екенін айтқан.

Әкімге бірнеше мәрте ер адамдардың өзі хат жазған көрінеді. Себебі олар да бейтаныс немесе қатты жақын араласпайтын адамды көрген сәтте бетінен сүйіп амандасуға ыңғайсызданады екен.

Оқи отырыңыз:

Танымал журналист ұлынан айырылып қалды

Сахнада тұрып кешірім сұраған Төреғалиді халық қолдап, қошемет көрсетті (видео)

2017 жылы атағы аспандап, сәтсіздікке ұшыраған танымал жұлдыздар (фото)

Ерке Есмахан өзін ренжіткен адамның жазаланғанын айтты

 

 

Талқылау