1 миллион қазақстандыққа 5 жылда жасанды интеллект технологиясы оқытылады
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев 5 жылда 1 миллион қазақстандыққа жасанды интеллект технологияларын оқытатынын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Фото: pixabay.com
Министр жасанды интеллектпен кімдер оқытылатынын айтты.
“Біз 5 жылда 1 миллион адамды оқытуды жоспарлап отырмыз. Атап айтқанда 500 мың оқушы, 300 мың студент, 90 мың мемлекеттік қызметкер, 80 мың кәсіпкер мен халықтың 30 мың басқа санаты болады”, – деді министр.
Қазір министрлік мектеп оқушыларына арналған Tumo креативті технологиялар орталығын қоса алғанда, білім беру жобаларын іске қосу үстінде.
“Сондай-ақ қазан айында ЖИ саласындағы мамандарды даярлау үшін өңірдегі алғашқы TomorrowSchool жасанды интеллект мектебі ашылды. Осы бастамалардың барлығы еліміздің адами капиталын дамытуға, таланттарды анықтауға және IT-саланың дамуына ықпал етуге мүмкіндік береді”, – деп толықтырды Жаслан Мәдиев.
Талқылау
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып
Желіде шетелге шыққан қазақстандықтарға сыйақы ұсынатындар көбейген: Мұның артында не тұр
Ведомоство мұндай жағдайлар жауапкершілікке әкелетінін ескертті