Хирург 300-дей баланы наркоз беріп зорлаған
Фото: Pixabay.com
300-дей баланы зорлаған француз хирургы түрмеге қамалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Францияда хирург Жоэль Ле Скуарнекке қатысты іс бойынша сот үкімі шықты. Ол 300-ге жуық баланы зорлады деп айыпталған. Жәбірленушілердің орташа жасы — 11 жас. Сот 74 жастағы Ле Скуарнекті 20 жылға бас бостандығынан айырды.
Ле Скуарнек 1989 жылдан 2014 жылға дейін 299 баланы зорлады деп айыпталды. Олардың басым бөлігі қылмыскердің бұрынғы пациенттері болған. Қылмыс көп жағдайда балалар анестезия әсерінде жатқан кезде жасалған. Әсерінен болған жайт біраз жәбірленушінің есінде қалмаған.
Оған 100-ден астам зорлау және 150-ден астам сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеті бойынша айып тағылды. Ле Скуарнек өзіне тағылған барлық айыпты мойындады.
Айыптаушы тараптың айтуы бойынша Жоэль Ле Скуарнектің отбасы оның ауытқулары жайында білген. Алайда жақынына кедергі бола алмаған.
2008 жылы Францияның батысына көшкелі Ле Скуарнек үйреншікті өмірімен қоштасты. Туған-туыстарымен байланысы үзіліп, ішімдікке әуес бола бастады. 2017 жылы дәрігер зейнетке шығып, бірнеше айдан соң қамауға алынды. Бұған көршілерінің арызы себеп болды. Олар қарт адамның алты жасар қызды қоршауға апарып, шешіндіріп, оның интимдік жеріне тиіскені туралы хабарлаған. Жоэль қазір 30-дан асқан жиендерін, сондай-ақ алты жасар қыз бен жас науқасты зорлады деген күдікпен қамауға алынды. 2020 жылы ол 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
Кейін полиция айыпталушының үйіне тінту жүргізіп, кішкентай балаға ұқсас секс-ойыншық, қылмысқа айғақ болатын 300000-нан астам сурет пен өте мұқият толтырылған күнделік тапқан. Ле Скуарнек онда 25 жыл бойы жасап келген заңбұзушылықтарын егжей-тегжейлі баяндаған.
Ал іс барысында бұрынғы хирург өзіне тағылған айыппен келіспей, күнделікте жазылған барлық әңгіме оның "фантазиясынан" туғанын айтқан. Дегенмен ол күнделігіне "Мен – педофилмін" деп жазған.
Бұған дейін Францияда балаларды зорлады деп айыпталған хирургтың соты болатыны айтылды.

Алматы әкімінің ауысуы, түлектер дауы: Мамыр айы қазақстандықтар үшін несімен есте қалды
