Франциялықтар қоғамдық орындарда әлдекімдердің ине шаншып жүргенін айтып шағымданды
Францияда 300-ден астам адам қоғамдық орындарда өздеріне ине шаншылғаны туралы шағымданды. Бұл туралы Associated Press басылымына сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
4 мамырда 18 жастағы Томас Лаукс елдің солтүстігінде концертке барып келген соң қолында кішкене тесік пен оның жанында пайда болған көгерген ізді байқады. Жас жігіт өзін нашар сезінді, бірақ бірден дәрігерге бармаған. Келесі күні оның басы айналып, жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер ине ізінің барын растап, науқасты гепатит пен ВИЧ-ке тексерді. Екі сынақ теріс нәтиже көрсетті.
Осыған ұқсас жағдай Бордо қаласында 18 жастағы Лианна Десноспен болды. Қыз түнгі клубта қолына ине сүғып алған соң дене қызуы көтеріліп, басы айналған. Француздық әйел сынақтардан өтіп, қазір нәтижесін күтіп отыр.
Париж, Тулуза, Нант, Нанси, Ренн және Францияның басқа қалаларының тұрғындарынан ине шаншулары туралы хабарланды. Науқастар ұйқышылдыққа шағымдануды.
Франция ұлттық полициясының мәліметі бойынша, 302 адам ресми шағым түсірген. Түрлі аймақтарда бірнеше полиция тергеу амалдары жүргізілуде, бірақ күдікті әзірге ұсталған жоқ, инелер де табылмады.
"Біз қылмыстық ниеті бар заттың енгізілгенін көрсететін қандай да бір есірткі немесе заттарды не объективті дәлелдерді таппадық. Біздің қорқынышымыз адамдар ВИЧ, гепатит немесе кез келген жұқпалы ауруды жұқтырып алмауында болып отыр", – деді Францияның шығысындағы Нанси қаласындағы уланудың алдын алу және бақылау орталығы дәрігері Эммануэль Пускарчик.