Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Франция соты Сирия президенті Башар Асадты қамауға алуға ордер берді

Франция соты Сирия президенті Башар Асадты 2013 жылы химиялық қаруды қолдануға байланысты қылмыс жасады деген айыппен қамауға алуға халықаралық ордер берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі AFP агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сурет ашық дереккөзден

Асад 2013 жылы тамызда Дамаск маңындағы Гутада 1400-ден астам адамның өмірін қиған әскери қылмыстарға қатысы бар деген күдікке ілінді. Толығырақ айтқанда, сол кезде халық тығыз орналасқан Гутаға зарин қосылған зымырандар атылған. Адамдардың үстіне барлығы 350 литрге жуық улы зат төгілген. Түрлі мәліметтер бойынша, сол шабуылдан көптеген адам зардап шегіп, қаза тапқан. Олардың арасында балалар да болған. 

Француз соты бұл химиялық шабуылды 2021 жылдан бері тергеп келеді. Сот Сирия Республикалық гвардиясының іс жүзінде қолбасшысы болып табылатын Асад Махердің ағасы мен аты аталмаған қарулы күштердің екі генералын қамауға алуға ордер берілді.

Әзірге шабуылға кімдердің қатысы бар екені туралы нақты деректер жоқ. Дегенмен, бұл оқиға үшін Сирия билігі мен оппозициясы бірін-бірі айыптап отыр. Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы рейд үшін Дамаскті айыптады. Ресей Сыртқы істер министрлігі сириялық көтерілісшілерге қатысты.

Талқылау