Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Франция полициясы әйелден мұсылман стиліндегі шомылу киімін шешіп тастауын талап етті

Осы жазда Франция жағалауларындағы қауіпсіздік шаралары күрт күшейтілген.

burkini-nice

Фото: www.ves.lv

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Ниццадағы полицейлер жақында ғана қолданысқа енгізілген заң негізінде, мұсылманша шомылу киімін киген әйелден үстіндегі киімін шешуді талап еткен.

Осындай шаралардың бірінде полицейлердің талабы бойынша, әйел киімін шешіп тек майкамен қалған. Ал полицейлердің бірі болса блакнотына әлденені түртіп алған. Батыс БАҚ-ының хабарлауынша “заңға сәйкес киінбегені” үшін әйелге айыппұл салынған болуы мүмкін.

Осыған ұқсас жағдай Кан қаласында да болған. “Басыма классикалық орамал тартып алған едім. Суға түсу ойымда болған жоқ”, – дейді ол қыз.

Шілде айының аяғы – тамыз айының басындағы Ниццадағы қанды қырғыннан соң Францияның жағалауда орналасқан жеті қаласының билігі әйелдердің жағалауда бүркеніп жүруіне тыйым салған. Бұл идеяны ел премьер-министрі Мануэль Вальс те қолдаған.

2011 жылы Франция тұңғыш рет европа елдерінің арасынан қоғамдық орындарда әйелдердің паранжа тағуына тыйым салған. Алайда бұл тыйымның басқа мұсылман киімдеріне қатысы жоқ.

Талқылау