"Фосфор сүйегіне дейін жеуі мүмкін": Нұрлан Нығматуллиннің ұлдарының басқаруындағы зауытта екі жұмысшы химиялық күйік алды
Жаңа Жамбыл фосфор зауытында екі жұмысшы химиялық күйік алды. Зауыт Нұрлан Нығматуллиннің ұлдарының басқаруындағы "Қазфосфат" ЖШС құрамына енеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға туралы журналист Михаил Козачков Telegram-арнасында мәлімдеді.
"3 тамызда Тараздағы "Жаңа Жамбыл фосфор зауыты" ЖШС аумағында төтенше жағдай орын алды. Екі адам химиялық күйік алды", – деп жазды ол.
KazTag басылымының мәліметінше қазіргі таңда жұмысшылар ауруханаға жатқызылды. Екеуі де жансақтау бөлімінде.
"Сары фосфорға күйіп қалған. Біреуі күйік бөлімінде, екіншісінің жағдайы ауыр. Денесінің 20%-ын күйік шалған. Бірақ фосфорға күйіп қалған, ал фосфор сүйекке дейін жеп қоюы мүмкін", – делінген хабарламада.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн