Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ForteBusiness қосымшасында жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге болады

ForteBank-тың заңды тұлғаларға арналған ForteBusiness мобильді қосымшасы арқылы жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өтуге болады.

форте

Тіркеуден өту уақыты 5 минутқа да жетпейді. Барлық мәліметтерді толтырып, сәйкестендіруден өткен соң тіркелген жеке кәсіпкер талон мен қызметінің басталғаны туралы хабарламаны бірден алады. 

"Жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес – экономиканың тірегі. Осы жылдың басында тіркелген жеке кәсіпкерлер саны өткен жылмен салыстырғанда 24%-ға көп. Бұл оң тенденция және елдегі кәсіпкерлікті дамытуға үлес қосуға әрдайым ризамыз", – деді ForteBank-тің шағын және орта бизнеспен жұмыс бойынша басқарушы директоры Астан Сағитов. 

Халықаралық SME Banking Agency ақпараттық-сараптамалық агенттігінің зерттеу қорытындысы бойынша ForteBusiness бизнеске арналған Қазақстандағы ең үздік мобильді банкинг деп танылды. Қосымша заңды тұлғаларға арналған банк операцияларының 90%-ын қамтиды. Функцияларының қатарында әртүрлі валютада есепшот ашу, түрлі төлемдер мен аударымдар жасау, несие мен тендер кепілдемесін алу, сонымен қатар мемлекеттік қызмет алу да бар. 

Жеке кәсіпкерлікті тіркеу туралы толығырақ сілтемеден оқи аласыз. 

Талқылау