Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ForteBank көрсеткіштерінің өсімі нарық динамикасынан асып түсті

ForteBank 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қорытындылары бойынша сыртқы факторларға төтеп бере алатынын көрсетті. Forte қызметінің барлық негізгі көрсеткіштері айтарлықтай көтеріліп, нарықтағы динамикадан асып түсті.

форте

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары есебі бойынша Fortebank активтері 8%-ға өсті. Банктің несие портфелінің көлемі 1 триллион теңгеден асты, сектордағы орта 5,5%-дық есеппен салыстырғанда 25%-ға ұлғайды. Бұл ретте заңды тұлғаларды  несиелендіру сегменті бойынша өсім 31,9%-ға жетсе, бөлшек несие портфелі 17,8%-ға артқан.

Екінші тоқсанда банк жеңілдетілген автонесиенің мемлекеттік бағдарламасына белсенді түрде қатысты. Жалпы алғанда Forte Қазақстанда жасалған автокөліктерді сатып алу үшін сомасы 14,4 млрд теңгеге автонесие берді.

Банктің жартыжылдықтағы шоғырландырылған таза пайдасы 44,5 млрд теңгеден асты (2021 жылдың 1 жартыжылдығындағы табыс 31,6 млрд теңгеге жеткен.

Бизнесті цифрландыру бағыты банк клиенттеріне шоттарды онлайн режимде ашуға, банктің бөлшек және іскерлік клиенттеріне қызмет көрсетуге, Forte клиенттеріне өзінің жеке экожүйесінің қызметтері – ForteMobile, ForteMarket, ForteFood, Forte Finance және Forte Leasing қызметтерімен ұсынысты кеңейтуге мүмкіндік берді. Банктің мобильді қосымшасы арқылы берілген бөлшек несиелер үлесінің тұрақты өсуі байқалады. Мәселен, маусым айында ғана бұл көрсеткіш берілген несиелердің жалпы көлемінің 55 пайызына жетті. Банк жаңа интернет-банкинк пен заңды тұлғалары үшін ForteBusiness мобильді қосымшасын іске қосты. Оның басқаларынан айырмашылығы – бірінші рет тіркелген кезде онлайн форматта клиент картасы жасалып, төрт валютада шот ашылады, цифрлық корпоративтік карталар шығарылып, барлық мемлекеттік органдардағы компанияның лицензиясы мен статусы тексеріледі.

Осы орайда Банк батыстың озық тәжірибесіне сәйкес комплаенс процестерін күшейту бойынша кешенді іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруда.

"ForteBank басқа қаржы институттарынан тәуекелге деген қалыпты тәбетімен, "күшті балансымен" және өз көзқарасындағы салауатты консерватизммен ерекшеленеді. Бұл өз кезегінде банктің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, клиенттеріміздің сенімін арттырады. 2022 жылдың бірінші жартысы жалпы Қазақстан экономикасы, оның ішінде банк секторы үшін өте қиын кезең болды. Осының аясында ForteBank барлық клиенттік сегменттердегі нарықтағы орнын нығайтып, меншікті капиталдың кірістілігін арттырды және несие портфелінің сапасын жақсартты. Ал биыл шілде айында S&P рейтингтік агенттігі ForteBank-тің ұзақ мерзімді несиелік рейтингін “B+”-тен “BB-” деңгейіне дейін көтерді,” – деп түсіндірді ForteBank басқарма төрағасының бірінші орынбасары, банктің қаржы директоры Әлия Дықанбаева.
Талқылау