ForteBank Қазақстандағы алғашқы мерзімсіз қосымша капитал AT1 облигациясын шығарды

Астана, 2025 жылғы 28 қазан - ForteBank 400 миллион АҚШ доллары сомасына жылдық купондық мөлшерлемесі 9,75% мерзімсіз реттелген облигациялардың (Additional Tier 1) дебюттік шығарылымы туралы хабарлайды. Бұл – қазақстандық капитал нарығындағы алғашқы AT1 шығарылымы және елдің қаржы секторының дамуына жол ашқан тарихи оқиға.
Мәміле 144A/RegS стандарттарына сәйкес жүзеге асырылып, Vienna MTF сауда алаңдарында және "Астана" халықаралық биржасында (AIX) листингпен жүргізілді. Облигациялар ағылшын құқығы негізінде шығарылған, толықтай Базель ІІІ талаптарына сай. Құрал банктің бірінші деңгейлі қосымша капиталы ретінде есепке алынады.
Халықаралық инвесторлар тарапынан сұраныстың жоғары болуы тапсырыс кітабына үш есеге қайта жазылуды қамтамасыз етті. Орналастыруға жүзден астам инвестор қатысты, олардың қатарында ең ірі үлесті Ұлыбритания (45%), АҚШ (14%), Швейцария (10%), Гонконг (9%) өкілдері болды. Сұраныс географиясы мен инвесторлық базаның сапасы ForteBank-ке деген жоғары қызығушылықты және жаһандық капитал нарығында Қазақстанға деген сенімнің артуын көрсетеді.
"AT1-ді орналастыру - болашаққа салынған инвестиция. Бұл құрал банктің одан әрі дамуына негіз болады және бізге қазақстандық бизнесті қолдай отырып, экономиканы белсенді кредиттеуге мүмкіндік береді. Біз тұрақты даму стратегиясын жалғастыра отырып, экономиканың нақты секторын қолдауға және ел үшін ұзақ мерзімді құндылықтарға баса назар аударамыз", - деп атап өтті ForteBank Директорлар кеңесінің төрағасы Тимур Исатаев.
AT1 шығару ForteBank стратегиясының капитал құрылымын нығайтуға, қаржыландыру көздерін әртараптандыруға және халықаралық нарықтарға қолжетімділікті кеңейтуге бағытталған маңызды қадам болды. Тартылған қаражат банктің қаржылық тұрақтылығын арттыру мен бизнесті одан әрі дамытуға жұмсалады.
ForteBank – корпоративтік, бөлшек және ШОБ-клиенттерге қызмет көрсетудің кең спектрін ұсынатын Қазақстандағы ірі жеке банктердің бірі. Банк активтер мен капитал бойынша тұрақты түрде көшбасшылар қатарында келеді. Цифрлық шешімдерді белсенді енгізіп, тұрақты қаржыландыруды қолдап, инновациялар мен жоғары клиенттік қызмет сапасы үшін халықаралық деңгейдегі марапаттарға ие.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020ж. "ForteBank" АҚ-ға берген № 1.2.29/197/36 лицензиясы
Бір айда самокат айдаған 6,5 мың адамға айыппұл салынған: Қазақстандық кикшеринг иелері тәртіп бұзғандарды қалай жазалайды?