Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ForteBank – Global Finance таңдауы бойынша Қазақстанның үздік коммерциялық банкі атанды

18 қазанда Вашингтондағы Ұлттық баспасөз клубында Дүниежүзілік банк тобы мен Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) жыл сайынғы жиыны аясында Global Finance халықаралық басылымы ұйымдастырған Best Bank Awards 2025 марапаттау рәсімі өтті.

Сарапшылардың бағалауы бойынша, ForteBank Қазақстанның үздік коммерциялық банкі деп танылды. Бұл мәртебелі марапат жыл сайын әлемнің жетекші банктеріне цифрлық инновациялар, клиенттерге қызмет көрсету сапасы және стратегиялық көшбасшылық бағытындағы жетістіктері үшін табысталады.

Global Finance басылымының бағалауынша, әлемдік экономикалық сын-қатерлер мен қаржы нарығының өзгерістер жағдайында ForteBank тұрақты өсім көрсетіп, Қазақстан нарығындағы позициясын бекіте түсті. Forte цифрлық технологияларды дамытуға, бизнеске арналған өнімдерге белсенді инвестиция салып, тиімділік пен қауіпсіздік бойынша халықаралық стандарттарға сай шешімдер енгізіп отыр.

Тимур Исатаев, ForteBank Директорлар кеңесінің төрағасы:

“Бұл мәртебелі марапат - біздің команданың жүйелі еңбегінің нәтижесі. Forte-де тек бизнес тілімен сөйлеп қана қоймай, нарықтағы үрдістер мен клиенттердің қалауына сай әрекет етуге тырысамыз. Біз болашаққа сеніммен қадам басып, жаңа мүмкіндіктер мен ауқымды мақсаттарды жүзеге асыруға дайынбыз”.

Анықтама:

Global Finance журналы – 1987 жылы құрылған халықаралық қаржы саласындағы ең беделді басылымдардың бірі. Best Bank Awards марапаттау рәсімі жыл сайын 150-ден астам елде дәстүрлі түрде Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк жиындарына орайластырып өткізіледі. Жеңімпаздар Global Finance сарапшылары мен талдаушыларының тұрақтылық, инновация, клиенттерге қызмет көрсету және стратегиялық даму көрсеткіштері негізінде жүргізген кешенді бағалау нәтижесінде анықталады.

Жұмаділлә Нұрила
Дүйсенбі, 20 Қазан, 2025 09:00
Талқылау