Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ForteBank алғаш рет 750 миллион қытай юанінде синдикатталған қаржы тартты 

Қазақстандағы жетекші банктердің бірі - "ForteBank" АҚ жалпы сомасы 750 миллион қытай юанінде, үш мерзімге синдикатталған қарыз тарту жөніндегі берегей мәмілені сәтті аяқтағанын хабарлайды. Бұл - Қазақстанның тарихында коммерциялық банк тарапынан тартылған қытай юаніндегі алғашқы синдикатталған қарыз. 

Аталған мәміле ForteBank пен Қазақстан қаржы нарығы үшін өте маңызды кезең. Ол баламалы валюталық қаржыландырудың рөлін арттырады. Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланыстарға тың серпін береді. 

Халықаралық инвесторлардың жоғары сұранысы мәміле көлемінің екі есе артуына ықпал етті. Синдикатқа бес халықаралық банк кірді. Жетекші ұйымдастырушылар (Mandated Lead Arrangers), ICBC Standard Bank plc / ICBC Almaty JSC, First Abu Dhabi Bank PJSC және Қытайдың экспорттық-импорттық банкі. "Altyn Bank" АҚ мәміленің ұйымдастырушысы ретінде қызмет атқарды. 

Тартылған қаражат ел экономикасының негізгі секторларындағы ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыруға бағытталатын болады. Ол металлургия, өнеркәсіп және басқа да стратегиялық салалар. Қаржы өндірістің қуаттылығын жаңғыртуға және заманауи технологияларды енгізуге жұмсалады. Бұл ұлттық экономиканың халықаралық аренадағы позициясын күшейтеді. 

"Қытай юанінде синдикатталған қарыз тарту - ForteBank үшін алдағы уақытта халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастық орнатудағы маңызды қадам", – деп атап өтті ForteBank Басқарма Төрағасы Талғат Қуанышев.
 "Бұл мәміле банктің тұрақтылығын арттырып, қаржыландыру көздерін әртараптандырады және Қытай, басқа да шетелдік серіктестермен жұмыс істейтін клиенттер үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады".

Мәміленің табысты жүзеге асуы ForteBank-тің мінсіз кредиттік тарихы бар сенімді қарыз алушы және жаһандық капитал нарықтарына еркін қолжеткізе алатын қаржы институты ретінде мәртебесін тағы да дәлелдеді. 

ForteBank – корпоративтік және бөлшек бизнес сегментінің клиенттері үшін банк қызметтерінің кең спектрін ұсынатын Қазақстандағы ең жетекші банктердің бірі. Банк цифрлық шешімдерді енгізе отырып, басқару мен ашықтықтың халықаралық стандарттарына сай тұрақты даму стратегиясын ұстанып келеді. 

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.03.2020ж. "ForteBank" АҚ-ға  берген № 1.2.29/197/36 лицензиясы

STAN.KZ
Бейсенбі, 28 Тамыз, 2025 19:31
Талқылау