Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ForteBank ұсынған Travel карта қандай мүмкіндіктер береді? Stan.kz тілшісі сынақтан өткізді

Саяхатшылар үшін енді төлем жасау, әлемнің кез келген әуежайы ұсынатын артқышылықтарын қолдану тіпті жеңіл болмақ. Өйткені ForteBank саяхатшыларға арналған TravelCard дебютты картасын шығарды. Саяхат пен демалысқа арналған арнайы карта иесіне шетелге шығу кезінде көптеген мүмкіндік сыйлайды. Stan.kz тілшісі Дана Русланқызы Түркияға сапарында картаны сынақтан өткізді.


Фото: Stan.kz 

TravelCard дебютты картасын қалай ашуға болады?

TravelCard картасын онлайн немесе банк бөлімшесіне барып рәсімдей аласыз.

Виртуалды картаны Forte қосымшасынан ашуға болады. Карта онлайн төлемдер, аударымдар, Apple Pay, SamsungPay, GooglePay төлемдері үшін қолжетімді.

Сонымен қатар Travel картаны банк бөлімшесіне барып та аштыра аласыз. Біз саяхат пен демалысқа арналған картаның артықшылықтарын қолданып көру үшін шетелге шығар алдында картаны бөлімшеге барып аштырдық.  

Travel картаның абоненттік төлемі алғашқы ай үшін – 4000 теңге, ал ай сайынғы төлем – 2500 теңге. Егер 2 000 000 теңге көлемінде депозитіңіз болса немесе айына 200 000 теңгеге төлем жасайтын болсаңыз, абоненттік төлем жүрмейді.

Картаны ашуға 5 минут уақытыңыз кетеді. Бір артықшылығы – TravelCard ашатын болсаңыз, бөлімшеде арнайы маманмен тікелей жұмыс істейсіз. Бұл банк қызметін кезексіз қолдануға, уақыт үнемдеуге таптырмас мүмкіндік.

Біз картаны саяхаттан бір күн бұрын аштырдық. Сол күннен-ақ TravelCard ұсынатын мүмкіндіктерді қолдандық. 
Картаның қандай артықшылықтары бар?

TravelCard арқылы айына банкоматтардан 750 мың теңгеге дейін қолма-қол ақша шешіп ала аласыз. Бұл шетелге шығатындар үшін өте тиімді. Ерекшелігі әлемнің кез келген елінде сол елдің волютасымен төлем жасап, оған қоса қолма-қол қаражат та шешіп алу мүмкіндігі бар.

Әуежайдағы бизнес залдарға қолжетімділік

Travel картаның саяхат үшін ең тиімді тұсы – әуежайлардағы бизнес залдарға қолжетімділік. ForteBank саяхат картасы Lounge Key бағдарламасы бойынша жылына 10 рет бүкіл әлемдегі әуежайлардың бизнес залдарына кіруге мумкіндік береді. Мүмкіндікті 1 қантардан 31 желтоқсанға дейін қолдана аласыз.

Біз Travel карта арқылы Алматы, Анталья, Стамбұл әуежайларының бизнес залдарын тегін қолдандық. Ол үшін Lounge Key қосымшасына картаңызды тіркеп, бизнес залға кірмес бұрын арнайы QR оқытуыңыз қажет. 

Алматы әуежайының бизнес залы

Бизнес-залдарда Wi-Fi, рейс бойынша ақпарат, кондиционер, әуежайға келген уақытыңызға қарай тегін таңғы, түскі немесе кешкі ас беріледі. Әуежай концепциясына байланысты алкогольді және алкогольсіз сусындарды да тегін ала аласыз. Үнемі шетелге шығатындар және Қазақстанның ішінде саяхаттайтындар үшін бұл өте қолайлы. Қарапайым келушілер бизнес-залдарға бөлек төлем жасаса, Travel карта иегерлері жылына 10 рет бизнес-залды ешқандай ақысыз қолдана алады.

Бағдарлама бойынша 135 ел мен 450 қалада жұмыс істейтін 1100-ден астам бизнес залдары қолжетімді.

Анталья әуежайының бизнес-залы

Шетелдегі роуминг

Карта иегері шетелде Flexiroam Роумингке қосыла алады. Ол үшін Flexiroam қосымшасын жүктеп алуыңыз қажет. Тарифтік жоспардың сәйкесітігін тексеру ушін Mastercard тетігін басасыз. Ары қарай сіз жүйеге тіркелуіңіз қажет. Ол үшін 16 таңбалы Travel карта нөмірін жене электронды пошта мекенжайын енгізіңіз. "Бастау пакетін алу" түймесін басып, е-SIM-ді іске қосыңыз. Баптауларда Flexiroam деректер роумингін іске қосып, тарифтік жоспарды ауыстырасыз. Артынша өзіңізге ыңғайлы трафиктік жоспарды 15% женілдікпен сатып ала аласыз.

Fast Track қызметі 

Саяхаттыңыздың қолайлы болғанын қаласаңыз Travel карта Fast Track қызметін де ұсынады. Travel карта иелеріне әуежайдың қауіпсіздік рұқсатын алдын ала брондауға мүмкіндік береді. Fast Track саяхатты қауіпсіз, ыңғайлы етіп, уақыт үнемдеуге көмектеседі.  Бұл қызмет арқылы сіз әуежайдағы барлық процедураларды арнайы қызметкердің көмегімен тез әрі кезексіз өтесіз. Ол рейске тіркелу, паспорт тексерісі, багаж беру тағы басқа қызметтер болуы мүмкін.

Fast Track қызметін алу үшін Mastercard Travel Experiences қосымшасын жүктеп алып, Fast Track билетіне онлайн бронь жасайсыз. Ұшатын әуежайыңыз бен уақытты таңдайсыз. Артынша билетіңіз поштаға жіберіледі немесе қосымшаның өзінен де көрсетсеңіз болады. 
Төлемнен 15% бонус

ApplePay/SamsungPay/GooglePay арқылы, сондай-ақ интернет төлемдер жасағанда 0,5%, "Саяхат" санаты бойынша, яғни әуе билеттері, қонақүйлер мен Duty Free, турагеттіктерге төлем мен автокөлік жалдау бойынша төлемдерге 5% бонустар беріледі. Сонымен қатар ай сайын 2 категорияны таңдап, 15%-ға дейін жоғарылатылған бонус ала аласыз.

Мәселен, Travel карта арқылы Стамбұлда жалдалған пәтерімізге төлем жасап, төлемнен 5% бонус алдық. Егер жиі саяхаттасаңыз бұл қаражатыңызды үнемдеудің таптырмайтын жолы.

Тиімді сақтандыру

Travel карта иегерлері медициналық сақтандыру, ыңғайсыз жағдайлардан сақтандыру, авто сақтандыру, құрылғыны сақтандыру мүмкіндігіне ие. Егер сапарыңыз Travel карта арқылы төленсе, сіз сақтандыру өтемін ала аласыз. Сақтандыру автоматты түрде жүзеге асырылатындықтан сақтандыру сертификаты ұсынылмайды.

Оған қоса карта иесі ретінде сіз Шенген жане басқа кедендік аймақтарда сенімді сақтандыру туралы ресми түрде хабарлайтын Сақтандыруды растау үшін өтініш бере аласыз.

Өзіміз де Travel саяхатқа арналған FortreBank картасын шетелде пайдаланып көрдік. Карта шетелге саяхат кезінде көптеген мүмкіндік ұсынады. Сіз де саяхатыңыз бен демалысыңыз жақсы өтуі үшін Travel картаны пайдалана аласыз.

Талқылау