Forbes әлемдегі ең бай адамдар рейтингін жаңартты
Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск Forbes құрастыратын қазіргі уақыттағы әлемдегі ең бай адамдардың рейтингінде көш бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Масктың дәулеті 200 миллиард доллардан асып, нарықтар жабылған кезде 203,4 миллиард долларды құрады.
Рейтингіде екінші орында Amazon-ның негізін қалаушы Джефф Безос тұр. Оның байлығын Forbes 197,7 миллиард долларға бағалады.
Тізімдегі үшінші орында 175,2 миллиард долларлық дәулеті бар Louis Vuitton иесі Бернар Арно тұр.
Қаңтарда Маск Безосты басып озып еді, алайда ол бірінші орнын сақтап қала алмаған болатын.
Forbes атап өткендей, Масктың дәулеті Tesla акцияларының тұрақты өсуінен кейін артты. Олар 2%-ға қымбаттап, 2021 жылдың ақпан айынан бастап жабылған кездегі ең жоғары бағасына – 791,36 долларға жетті.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді