Абай Бегейдің қызы әкесінің әндерін білмейтін, тыңдамайтын болып шықты
Абай Бегей қызының өнер жолына келгенін қаламады. Әйткенмен әнге деген құштарлығын байқаған соң әзірге сахнаға шығуына рұқсат берді. Бұған дейін қызына ұстаздар туралы әнге бейнебаян түсіріп берген Бегей қызының келесі клипін марқұм анасына арнамақ.
Бұл туралы Stan.kz “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
“Өзім өнер жолының қиын екенін сезінгеннен кейін, қызыма өнерге жақындама деп айтқан едім. Өнерде жүрген әпке-қарындастарымды да көріп жүрмін”, – дейді Абай Бегей.
Бір қызығы, қызы Сымбат әкесінің барлық әндерін тыңдамайтын, тіпті білмейтін болып шықты.
“Әкемнің барлық әндерін білмеймін. Соның ішінде “Бағалым” мен “Аймүсін” әндерін тыңдаймын”, – дейді жеткіншек ағынан жарылып.
Бір үйден бір той әншісі де жетер, дейді Абай Бегей. Сондықтан ол болашақта қызына тек сапалы әндер айттыруды жоспарлап отыр.
“Қазіргі таңда үлкен жобаларға, концерттерге шақырту алып жатыр. Өзімнің ойым, болашақта фонограммамен айтқызбау. Кез келген концертте жанды дауыста ән айту, сосын тойға шығармайын деп отырмын. Өзім тойда жүрмін. Қазақ болған соң тойсыз болмаймыз. Ағайындарымыз шақыруы мүмкін, ондай жерлерге барамыз, әрине. Бірақ тек қана той іздеп, ойнақы әндер айту ниетіміз емес. Таза өнерге қосқан үлесіміз болсын деп жақсы-жақсы әндер таңдап жатырмыз болашаққа”, – дейді Абай Бегей.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
