FlyArystan лоукостерінің Air Astana-дан қашан бөлініп шығатыны белгілі болды
Үкімет "Air Astana" әуе компаниясынан FlyArystan лоукостер әуе компаниясын бөлудің кезең-кезеңімен жоспарын дайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
news.myseldon.com
"FlyArystan" АҚ жарғысы бекітілді, қайта тіркеу рәсімдері және компанияның ұйымдық құрылымын қалыптастыру, әуе кемелерін беру, сондай-ақ FlyArystan қызметінің басқа да бағыттары бойынша жұмыстар жүргізілуде", – деді Смайылов.
Сонымен қатар кірістер мен шығыстардың бөлек есебін енгізу жоспарланып отыр.
"FlyArystan" операторының жеке куәлігін алу үшін құжаттарды 2023 жылдың төртінші тоқсанында тапсыру жоспарланған", – дейді премьер-министр.
Үкімет басшысының айтуынша, басқа әуе компанияларымен бәсекелестік FlyArystan билеттерінің бағасын төмендетуге көмектеседі. Астана – Ақтөбе рейсіне билет құны 8,5 мың теңгеден 50 мың теңгеге дейін, Алматы-Атырау бағытында 15 мың теңгеден 64 мың теңгеге жуықтаған.
Талқылау