Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

FlyArystan Астана-Баку бағытында жазғы рейске билет сатып жатыр

FlyArystan әуе компаниясы Астанадан Бакуге жазғы рейстерге билеттер сата бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Flyarystan.com

FlyArystan әуе компаниясы Астана-Бішкек-Астана және Астана-Баку-Астана бағыттары бойынша әуе билеттерін сатып жатыр. Рейстер жазғы маусымда орындалады. 

Бішкекке рейс 2025 жылдың 1 маусымынан 31 тамызына дейін аптасына екі рет ұшады, ал Астанадан Бакуге рейс 2 маусымнан басталып, дүйсенбі және жұма күндері орындалады. 

Әуе компаниясы жанармайды үнемдеу үшін және жайлылық үшін жаңа Airbus A320 Neo флотты жаңартты. Сондай-ақ 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап рейстер жаңа FS коды бойынша орындалады.



Бұған дейін Қазақстаннан Вьетнамға, Қытайға және Египетке рейс ашылатыны туралы жазған едік.

Талқылау