Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Fly Arystan-ның ұшағы Атырау әуейжайына қонуға мәжбүр болды

Fly Arystan әуе компаниясы "Ақтөбе-Ақтау" бағытындағы рейстің Атырау әуежайына не себепті қонуға мәжбүр болғанын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

флай арыстан

КС7775 "Ақтөбе-Ақтау" рейсі 26 наурызда түнгі сағат 01:10-де аспанға көтерілген.

"Бірақ қолайсыз ауа-райына, атап айтқанда, қалың тұманға байланысты Ақтауға қонуға мәжбүр болды", - делінеген ресми хабарламада.

Жолаушылар ұшағы Атыраудан 13:00-ден шығады деген жоспар бар.

"Бұл жағдайда әуе компаниясының кінәсі жоқ. Дегенмен, жолаушыларға тиісті қолдау шаралары ұсынылады", - деп атап көрсетті компания мамандары.

Компанияның мәліметіне сәйкес, жолаушыларға алдымен сусындар таратылды. Одан кейін ыстық тамақ берілді.

Талқылау