Fitch Ratings "Home Credit Bank" АҚ рейтингтерін растады
Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі қазақстандық "Home Credit Bank" АҚ-ға "ВВ -" деңгейінде шетелдік және ұлттық валютадағы эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін (ЭДР) растады.
Рейтинг бойынша болжам "Тұрақты". Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
"Home Credit Bank" АҚ басқарма төрағасы Кирил Бачваров өз сөзінде "Жаңа даму стратегиямызда біз клиенттерді бірінші орынға қойып, құндылықтарды ең бастысы клиенттерге, содан кейін ғана банкке бағыттадық. Қаржылық көрсеткіштер бұл стратегияның дұрыс және тұрақты екендігін дәлелдейді. Осы жылдың 8 айында жаңа клиенттердің саны 62%-ға өсті. Біз соңғы жарты жылдағы NPS (net promoted score немесе тұтынушылардың адалдық индексі) нәтижесін 7 пайыздық тармаққа жақсарттық және бөлшек кредиттеу сегментінде жұмыс істейтін қазақстандық банктер арасында жетекші орынға ие болдық, ал клиенттердің біздің негізгі өнімдерімізді ұсынуға дайындығы 89%-ға жетті" , - деп атап өтті.
Талқылау