Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Фируза Шарипова UFC чемпионы болғысы келетінін мәлімдеді

Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова ММА ережесі бойынша өтетін жекпе-жекке дайындығы мен алдағы жоспарлары туралы айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

“20 мамырда мен WBC Silver титулын иелену үшін рейтингте өзімнен жоғары тұрған қарсыласыммен өте салмақты бокс жекпе-жек өткіземін.Жеңіске жетсем, мен Кэти Тейлормен жекпе-жекке шығамын. Қазір мен өте жақсы бабымдамын. ММА-дағы жекпе-жек менің дайындық кезеңдерімнің бірі.

Менің Кэти Тейлорды жеңіп, абсолютті әлем чемпионы атануыма сәл ғана қалып еді. Қорытынды жасап, жаттықтырушылар құрамын күшейттік. Бұл менің соңғы жеңілісім болды және бұдан былай бокста да, ММАда да тек жеңіске жетемін деп үміттенемін. 

Мен екі күн сайын спаррингке түсемін, менің өте маңызды спарринг серіктестерім бар және кез келген сәтте жарақат алып қалуым мүмкін. Әлбетте мен өте сақ болуға тырысамын. Менің басты мақсатым – кәсіпқой бокстан абсолютті әлем чемпионы болу. Осыдан кейін мен Octagon лигасынжа чемпион болғым келеді, содан кейін UFC чемпионымен жекпе-жекке шығып, оның белбеуін алу арманым”, – дейді Шарипова.

Еске салайық, 29 сәуірде Шәріпова Алматыда өтетін Octagon 44 турнирі аясында ММА ережесі бойынша Илона Бондаренкомен кездеседі.

20 мамырда Таразда Фируза жеңіл салмақтағы WBC Women's Silver тұжырымы бойынша бос титул үшін Малави чемпионы Рут Чисалемен жұдырықтасады. Егер ол жеңіске жетсе, қазақстандық абсолютті әлем чемпионы атағына міндетті үміткер болып, 2021 жылдың желтоқсанында Шәріпова жеңілген Кэти Тейлормен жұдырықтасу мүмкіндігін иеленеді.

Талқылау