Фируза Шәріпова салмақ өлшеу рәсіміне Назарбаев бейнеленген жейде киіп келді
Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Фиразу Шәріпова кезекті жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Ол өзінің қарсыласымен кездесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Шәріпова Instagram желісіндегі парақшасында салмақ өлшеу рәсімі кезінде түсірілген суретті жариялады.
Суреттен Фирузаның үстіндегі жейдеде Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті бейнеленгені көрінеді. Сондай-ақ, онда «Мемлекет үшін рахмет!» деп жазылған.
Қазақстандық боксшы алдағы жекпе-жекте ресейлік Анастасия Тришевамен жұдырықтасады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”