29 шілдеде Шәріпова Алматыда өткен Octagon 33 турнирінде өнер көрсетті. Қазақстандық спортшы бірінші раундта 18 жастағы қарсыласын қылқындыру әдісімен ұтты.
Еске салсақ, жекпе-жек алдында грэпплинг пен панкратионнан Ресей чемпионатының жеңімпазы қазақстандық спортшыға арнап видео үндеу жариялаған болатын. "Спортқа қайта оралуыңа деген құлшынысың жоғалатындай етіп ұрамын", – деді Оңдасынова.
Кәсіпқой бокста Фируза Шарипова соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсан айында өткізіп, жеңіл салмақтағы абсолютті әлем чемпионы ирландиялық Кэти Тейлордан жеңілген болатын. Содан кейін қазақстандық спортшы өз мансабындағы рекордтық гонорар алған, бірақ біржақты төрешілікке шағымданды.