Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Фируза Шарипова Қазақстаннан шыққан кәсіпқой бокстағы тұңғыш әлем чемпионы атанды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шарипова жеңіл салмақта WIBA және WBU тұжырымы бойынша екі бірдей чемпиондық белбеуді иеленді.

3096550

Шарипова Астанада өткен кездесуде болгариялық Милена Колеваны ұтты. Басты жекпе-жекке дейін андеркартта бірнеше жекпе-жек өткізілді. Жекпе-жек басталар алдында Шарипованың промоутері Сергей Завилейский Фирузаның Токио олимпиадасына қатысып, алтын медаль алғысы келетінін хабарлады.

3096677

“Фирузаның болашағы жарқын, тек оны дұрыс бағытта жаттықтыру керек. Бүгінгі кездесуді біз біраз қарсыласқа ұсындық. Бірақ, олар Фирузаның жекпе-жектерін көріп, бірден бас тартады. Ал Милена Колева Фирузаға лайықты қарсылас”, – деді Сергей.

3096609

Колева бұған дейін шаршы алаңда Кэти Тейлор, Светлана Кулакова сынды мықтылармен кездескен.

3096491

“Мен Қазақстанға әлем чемпионын сыйлағаным үшін қуаныштымын. Алда жаңа жеңістер үшін жұмыс істейміз”, – деді Фируза кездесуден соң. Шарипова бокспен 10 жасынан бастап айналысады.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық ауыр атлет Денис Уланов Универсиада «алтынын» ұтып алды

«Монғолияның Лашыны» атанған қазақ балуаны кім?

Түркия спортшысы әлем чемпионы атанған қызға көпшілік алдында ұсыныс жасады

Дмитрий Баландин ел қоржынына Универсиаданың үшінші медалін салды

Талқылау