AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Фируза Шарипова аралас жекпе-жектегі қарсыласының есімін атады

Қазақстандық боксшы Фируза Шарипова өзінің Instagram парақшасында дебюттік аралас жекпе-жектегі қарсыласының есімін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның қарсыласы – ММА-да екі жеңіске жеткен, 18 жастағы ресейлік Карина Ондасынова.

"Достар, менің ММА бойынша дебюттік жекпе-жектегі қарсыласым анықталды. Ол грэпплинг пен панкратионнан Ресей чемпионатының жеңімпазы атанған", – деп жазды Шарипова.

Боксшы жекпе-жекті ММА-да өткізу оның бокстан кететінін білдірмейтінін түсіндірді.

"Мен өз салмағымда сөзсіз әлем чемпионы болғым келеді! Қазіргі уақытта бұл орынды Кэти Тейлор иеленді, біз қазір реванш бойынша жұмыс істеп жатырмыз.



Өкінішке орай, өткен жылы 2021 жылдың басында осы ұрысқа дайындалу үшін бөлінген ақша кейбір шенеуніктердің арқасында маған жете алмады. Осыған байланысты мен бұл жекпе-жектен жеңіліп қалдым. Өйткені толықтай дайындала алмадым. Менің бірінші мақсатым – Кэти Тейлордан кек алу. Бірақ ММА-дан да мен белгілі бір жетістіктерге жетуді қалаймын", - деді Фируза.

Шарипованың аралас жекпе-жектегі алғашқы ойны 30 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Ол Alash Pride FC 75 промоушен турнирінде өнер көрсетеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр