Финляндия президенті НАТО-ға қосылу туралы құжатқа қол қойды
23 наурызда Финляндия президенті Саули Ниинистё өз елінің НАТО-ға кіруі туралы заңға қол қойды. Парламент құжатты 1 наурызда мақұлдаған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еuronews басылымына сілтеме жасап.

Түркия мен Венгриядан басқа Альянстың барлық елдері Финляндия мен Швецияның ұйымға мүше болуына келісім берді.
Анкарада парламенттің халықаралық істер жөніндегі комитеті бейсенбі күні Хельсинкидің өтінішін мақұлдады, енді оны депутаттар қарайды.
Будапеш те келесі аптаның басында Финляндияның кандидатурасын қарастырғалы жатыр. Әзірге Венгрия да мемлекеттің ұйымға қосылуына қатысты оң пікір білдірген.
Дегенмен Түркия мен Венгрия Финляндияның ұйымға қосылуын Швецияның өтінішінен бөлек қарастыратынын айтып отыр. Швеция 22 наурызда ұйымға қосылу туралы заң жобасын қабылдағанымен, Түркиямен дау әлі басылмаған.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді