Финики құрмасының пайдасы: Сұрпы мен ерекшеліктері
Күніне 10 финики құрмасын жеген адам ағзасында магний, темір, күкірт, калций элементтері қажетті деңгейде толығады.
Күн сайын құрманы жеген адамның қан құрамында холестерин төмендейді. Яғни, жүрек қан тамыр жүйесі жақсарады. Сонымен қатар құрма жеген адамның қартаюы тежеледі.
Израиль ғалымдары 100 адамға зерттеу жүргізді. Қатысушылар 1ай бойы “маджхоль” сұрпының құрмасын күніге 100 грамм тұтынып жүрді.
Кейіннен “халави” сұрпының құрмасын тұтынды. Олар құрмамен бірге тамақ та ішіп отырған.
Финики құрмасының сұрыптары
Құрма өндіру бойынша Сауд Арабия елі көш бастап тұр. Финики құрмалары АҚШ, Мексика, Австралия елдерінде де өседі. Арабтар үшін құрма нанның орнына жүреді. Ислам елдерінде құрма мен сүт – Рамазан айында ауызашар кезіндегі дәстүрлі тағам ретінде жүреді.
Финики ағашы біздің заманығымзға дейінгі 6000 жыл бұрын Персид аралында өсірілген.
Финикидің 1500-ден ас сұрпы бар.
Қытай құрмасы. Оны ююба немесе унаби деп те атайды. Бұл құрма нан мен сироп жасауда қолданылады. Сырты қызыл-қоңыр, көлемі кіші болып келеді.
Канар құрмасы. Бұл сәндік үшін өсетін өсімдік. Ағашы түрлі пішінде өседі. Биіктігі 6 метрге жетеді. Жапырақтарының қаттылығы сонша, адам денесін жарақаттап жібереді. Оларды емдік мақсатта пайдаланады. Сүт безі дерті кезінде осы жапырақтарды пайдаланады.
Құрмалар жұмсақ, жартылай құрғақ және құрғақ болып келеді.
Құрмалардың көпшілігі инвертті қанттан тұрады. Құрғақ құрмаларда қамысты қант болады. Құрманың нағыз піскені сары-қоңыр жұмсақ түрі.
Ғалымдардың айтуынша, 100 грамм құрмада 20,0 г су, 2,5г ақуыз, 0,5 г май, 69,2 көмірсу, 0,1 г май қышқылы, 69,2 г моно және дисахаридтер, 6,0 г ас талшықтары, 0,3 г органикалық қышқыл бар. Одан бөлек, дәрумендер (В, — 0,05 мг, В2 – 0,05 мг, В3 – 0,8 мг, В6 – 0,1 мг, С – 0,3 мг, РР – 0,8 мг) мен микроэлементтер (темір— 1,5 мг, калий— 370,0мг, кальций — 65,0 мг, магний — 69,0 мг, натрий — 32,0 мг, фосфор -56,0 мг) кездеседі. Қуаттылығы + 274,0 ккал. 1 келі құрманың қуаттылығы 3000 болады.
Құрма адамға күш беріп, ер адамның белсенділігін арттырады. Жүрек, бауыр, бүйрек, асқазанға көмектеседі. Ми жүйесін жақсартып, жөтелге де оң әсерін тигізеді. Қатерлі дерттің де алдын алады.
Құрманың құрамындағы амин қышқылының 23 түрі өзге жемістерде кездеспейді. Құрамындағы глюкоза мен фруктоза адамға зиянды емес. Алайда қант диабетімен және семіздікпен ауыратындарға жеуге болмайды.
Финики құрмаларын жүкті және бала емізетін әйелдерге жеу керек. Құрма жаңа босанған ананың жатыр бұлшықетін қатайтады. Яғни, бала босанғанда оның пайдасы болады. Құрма жүкті әйелдерді күйзеліске түсірмей, жүйке жүйесіне жақсы әсер етеді.
Құрмалар тоңазытқышта жақсы сақталатындықтан жыл бойы сатылымда болады.
Құрмадан түрлі сироптар да жасалады. Олар адамның иммунитетін күшейтуге арналған. Сиропты ересектер күніне 20 мл 1,2 рет ішуге болады. Алайда оларды қант диабетімен ауыратындарға ішуге болмайды.
Тағы да оқыңыз:
Адам баласы мен құрма ағашының таң қалдырарлық 7 ұқсастығы
Анар, банан және құрма: жемістердің пайдасы мен оларды дұрыс таңдау әдісі
Денсаулығыңызға зиян келмеу үшін құлпынайды қалай дұрыс таңдау керек?