Филиппинде Қара Назарий діни шеруіне жүздеген мың сенім білдіруші жиналды
Филиппинде Иса Мәсіхтің ғасырлар бойғы мүсініне жүздеген мың сенім білдіруші адам жалаңаяқ келіп табынды. Бұл әлемдегі католиктердің рәсімінің ең масштабты көрінісі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Сnn.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Сnn.com
Филиппиндіктер Манила көшелерін ал қызыл мен алтын түске толтырды. Жұртшылық "Қара Назареттік" Иса Мәсіхтің крестті көтеріп тұрған толық өлшемді бейнесіне қарай ұмтылды. Сенім білдірушілер Филиппин астанасы арқылы арбаны сүйреп апаратын қалың арқанды тарту мүмкіндігіне таласты.
Шеруді ұйымдастырушылардың дерегінше, мұнда шамамен 220 000 адам қатысқан. Ал 94 500 адам таңғы 8-дегі (Гринвич 00:00) шеруге келген.
Сенім білдірушілер мүсінге қарай сүлгілерін лақтырды. Ол мүсінге қол тигізсек батасын алып, аурулары емделетініне сенді.
Фото: Сnn.com
Филиппиндіктердің 80%-ға жуығы өздерін католик деп санайды. Бұл Филиппин архипелагын 300 жылдан астам испандықтардың отарлауынан қалған
"Қара Назарий" 17 ғасырда Мексикадан Филиппиндерге жеткізілген үлкен мүсін. Бұрын бұл мүсіннің қара түске боялуын өртке байланысты деп топшылыған. Бірақ филиппиндік дінтанушы Сабино Венгко 2019 жылы бұл мүсіннің түсінің мескит ағашынан жасалғанын, ал өрттің оған еш қатысы жоқ екенін айтты.
Фото: Сnn.com
Филиппиндерде осы "Қара Назарий" мүсініне арналған үлкен діни процессия өтеді. Бұл процессияның аты – "traslacion" (аударылған, көшу). Бұл рәсімде адамдар осы мүсінді бір жерден екінші жерге, яғни қазіргі Маниладағы Куиапо шіркеуіне әкеледі. Бұл әрекет католиктердің Иса Христе деген сенімдерін көрсету үшін жасалады.