Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Филиппин президенті ерлі-зайыптылардың жеңіл жүріске салынуын қолдады

Филиппин президенті Родриго Дутерте некесін бұзып қарым-қатынасқа барған өзінің жақын досы Панталеон Альваресті қолдады.

pic_dbab513c119b533d2dd4d8743a126b0b

Фото: Rouelle Umali / Xinhua / Globallookpress.com

Бұл туралы South China Morning Post хабарлайды.

Альварес ел президентінің саяси одақтасы әрі палата спикері.

“Бұл екіжүзділер әлемі. Осы жерде отырған сіздердің көңілдестеріңіз болмады ма?”, – деді мемлекет басшысы.

Басылымның жазуынша, Дутерте бірінші некесінен ажыраған. Қазіргі уақытта ол Хонейлет Авансена есімді әйелмен ұзақ уақыттан бері қарым-қатынаста келе жатыр. Бұл ретте 72 жастағы президент өзінің көңілдестері болғанын ашық түрде мәлімдеген.

Өткен аптада Альварес сегіз баласының екеуі ғана әйелінен, ал қалғаны өзге әйелдерден екенін мойындаған еді. Дутерте бұл мәлімдемені шовинистік деп атады.

“Әлемде уақыт аз, ал әйелдер көп. Ең бастысы сен өз балаларыңа көмектесе алуың қажет”, – деді президент.

Сондай-ақ, ол көбіне христиан діні сеніміндегі филиппиндіктерде бір ғана әйел бар. Ал Альварес бұл сенімде емес болғандықтан, оған аталмыш ереже жүрмейді.

Оқи отырыңыз:

Өзбекстандық имам ер адамдардың гинеколог болып жұмыс атқаруына қарсы шықты

Желі қолданушылары қаңғыбас пен оның иті үшін бір күннің ішінде 12 500 АҚШ долларын жинап берді

Ата-анасы сәбиін өлтірген қылмыскерді кешіріп қана қоймай оны қажылыққа аттандырған

Мәскеу тұрғыны Құранды 45 миллион долларға сатудан бас тартты

Талқылау