"Фигурамды ойласам, бала тумас едім": Ерке Есмахан өзін сынағандарға жауап берді
Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/
Танымал әнші Ерке Есмахан босанғаннан кейін сахнаға шығып, сынға қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесінің салмақ қосқаны тыңдарман қауымға ұнаған жоқ.
"Кішкентай ғана Батырым, анасының созған жатырын. Айрақтыдағы концерттен соң желіде маған "толыпсың", "семізсің" деп жазған пікірлерді оқып қалдым. Айналайындар-ау, мен тек фигура ойлап жүретін болсам, қолымдағы мына тәтті баланы кім туар еді? 2 ай бұрын босанған ананы түсініп қойыңыздар. Әр кезеңнің өз әдемілігі бар. Сәлден соң 90-60-90 болып аламын. Сөзім – сөз", – деп жазды әнші.
-
"Тағы біреуін аламыз": Ерке Есмахан баспанаға қатысты сөз қозғады
-
"Үйі Париж болып тұр": Ерке Есмахан жаңа туған сәбиімен фотосессия жасады
Эстрада жұлдызы декретте көп отырмайтынын айтып, жақында концертке қатысатынын жариялаған еді.
“З баланың анасынан жалынды сәлем! Бұл жолы декретте көп отырмай, тез-тез Ерке Есмахан болуға асығып жатырмын. Дженнифер Лопес те көзді қыздырып жатыр. Тездетіп концерттерін аяқтап, еліне қайтса екен. Фигураны ойламай, тыныш отырып, ет жегім кеп тұр”, – деп әзілдеді өнер иесі.
Айта кетейік, Ерке Есмахан жеке бизнесті қолға алатынын мәлімдегенін жазған едік.

Қазақстандықтар шоколадтың күрт қымбаттағанына шағымданды: Неліктен тәттіге енді көбірек төлейміз
