Соңғы жаңалықтар

ФИФА Қазақстанға коронавируспен күресу үшін 1,5 миллион доллар қаржылық көмек беретін болды

Халықаралық футбол федерациясы ФИФА коронавирустық пандемияның экономикалық салдарын жою үшін Қазақстанға 1,5 миллион доллар бөледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы ФИФА басшысы Джанни Инфантино айтып берді. Ол федерацияның барлық мүшелеріне қаржылай қолдау көрсететінін айтты. 

"Пандемия бүкіл футбол қауымдастығы үшін жаңа қиындықтар туғызды. Мұндай жағдайда FIFA-ның міндеті - бұл көмекке мұқтаж адамдарға көмектесу. Осы мақсатта біз көптеген қаржылық қиындықтарға тап болған федерациямыздың барлық мүшелеріне қаржылай көмек жібереміз", - деді ФИФА басшысы Джанни Инфантино.

Федерацияның әр мүшесі 1 миллион доллар көлемінде негізгі грант алады. Оған қоса, әйелдер футболын дамытуға 500 мың доллар қаражат бөлінеді. Қазақстан футбол федерациясы карантин кезінде жұмысты ұйымдастырғаны үшін қаражат алатын болады.

ФИФА қалған қаржыны пайызсыз несие беру арқылы пайдалануды жоспарлап отыр. Бірлестіктер үшін несиенің максималды сомасы $ 5 млн, конфедерациялар үшін $ 4 млн құрайды.

Ұйым бөлген ақшаны коронавирустық пандемиядан зардап шеккен клубтарға, кәсіпқой лигаларға және басқа футбол ұйымдарына көмек ретінде пайдалануға болады.
 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр