FIFA Францияның басты спорт аренасын сатып алмақшы
Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) 2024 жылғы жазғы Олимпиададан кейін әйгілі "Стад де Франс" француз стадионын сатып алу тендеріне қатысуды жоспарлап отыр деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әр түрлі іс-шаралар өткізілетін Францияның негізгі спорт нысандарының бірі ФИФА-ның меншігіне өтуі мүмкін.
Осы ұйымның басшысы Джанни Инфантино екі апта бұрын Парижде Франция президенті Эммануэль Макронмен аренаны сатып алу туралы әңгіме жүргізгені хабарланды. Алайда екі тарап бұл әңгімелерді әлі жоққа шығарады.
"Стад де Франс" – Франциядағы үлкен футбол стадионы. Арена 1998 жылы ашылды және футболдан әлем чемпионатына арнайы салынды. 80 мың көрермен сияды. Стадионның құны шамамен 600 миллион еуроға бағаланады.
Арена 2024 жылғы Жазғы Олимпиаданы өткізу үшін қолданылады.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді