Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ФГДС кезінде көз жұмған науқас: Министрлік түсініктеме берді

ФГДС кезінде көз жұмған науқас: Министрлік түсініктеме берді

Фото: Ru.freepik.com

Денсаулық сақтау министрлігі Солтүстік Қазақстан облысындағы ауруханада фиброгастродуоденоскопия (ФГДС) процедурасынан кейін қайтыс болған науқасқа қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрліктің мәліметінше, Шал ақын ауданы полиция бөлімі алдын ала тергеуді бастап, қазір сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.

“Енді ресми өтініш, сұрау немесе құқық қорғау органдарының тапсырмасы түскен жағдайда, Солтүстік Қазақстан облысы комитетінің департаменті медициналық ұйымға тәуелсіз сарапшыларды тарту арқылы тексеру бастайды”, — делінген хабарламада.


Хирург науқастың екі аяғын қателесіп кесіп тастаған: Науқас көз жұмды


Астанада қарапайым операциядан кейін әйел көз жұмған: Қызы дәрігерлерді айыптап отыр


Тексеру нәтижелері бойынша дайындалған материалдар құқық қорғау органдарына заңдық бағалау беру және процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданатыны көрсетілген.

Еске салайық, бұған дейін Солтүстік Қазақстанда ер адам ФГДС процедурасы кезінде қайтыс болғаны туралы жазған едік.

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 18 Қараша, 2025 08:46
Талқылау