Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Фермер жерді қопсытып жатып 80 мың доллар тұратын бағалы тас тауып алған

Үндістандық фермер жерді қопсытып жатып 80 мың долларға бағаланатын алмаз тауып алған, деп хабарлайды Daily Mail-ге сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.

45 жастағы Лакхан Ядав бағалы тасты былтырдан бері жалға алып жүрген  2,7 мың доллары болатын жер телімінен қазып алған. 

Бастапқыда ер адам алмазды қарапайым тас деп ойлаған, алайда шаңын сүрткен соң жарқыраған сәулені байқаған. Сол кезде ер адам тасты аудандық алмаздар бойынша орталыққа алып барған. Ол жерде сарапшылар тастың 14,98 караттық екенін айтып, аукционда сатуды ұсынған.

"Бұл менің өмірімді өзгертті. Білім алмағандықтан, осы қаражатты балаларымды оқытуға жұмсаймын, депозитке саламын. Төрт балам жақсы білім алып шығуы керек", - дейді фермер.

БАҚ осы уақытқа дейін де бұл аймақта асыл тастар бірнеше рет табылғанын айтады. Мамандар бұл жер алмаздарға толы болуы мүмкін екенін айтады. Лакхан Ядав мұнымен қоймай, жерден басқа да алмаздарды іздеуді тоқтатпайтынын айтады. 

 

Талқылау