Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам көзіне шөп салған әйелінің басын шауып тастады (фото)

Үндістанда оқыс оқиға болды. 38 жастағы Нараян Сингх есімді азамат өзінің әйелінің басын шауып тастады. Бұған кейінгісінің опасыздығы себеп болған-ды. “Мен оған екі мәрте ескерту жасадым. Алайда ол көзіме шөп салуын доғармады”, – дейді Сингх.

я

Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.

Фермер өзінің әйелін көңілдесімен төсектес болып жатқан жерінен ұстап алады. Артынша ашуға бой алдырып алғашқысы кейінгісінің басын қылышпен шауып тастайды. Алайда фермер оқиға орнынан қашпаған. Керісінше әйелдің басын алып, оны полиция бөлімшесіне жеткізген.

Оқиғаның дәл осылай болғанын жергілікті тұрғындар да растап отыр. Полицияны да солар шақырған екен. Фермер оларды күтпестен, 8 шақырым жол жүріп өткен.

3CCC7FFE00000578-0-image-a-36_1486123205908

Гарели ауылының тұрғыны Сингхке қатысты сот отырысы осы айда өтеді. “Менің әйелім көзіме шөп салды. Оны осылай өлтірмеске амалым қалмады. Мен оған екі мәрте ескерту жасаған болатынмын”, – дейді Сингх.

3CCC802000000578-0-image-a-37_1486123211748

Сингх ұзақ уақыт бойы әйелін аңдыған екен. Осылайша 30 қаңтар күні әйелінің бөтен еркекпен төсектес болып жүргенін біліп қояды. Үндістандық азамат сот алдында жауап бермес бұрын, 14 күн бойы бақылауда болмақ.

3CCC803500000578-0-image-a-38_1486123214716

“Нараян Синг көптен беру өзінің әйелінен күдіктеніп жүрген екен. Ауыл тұрғындарының айтуынша, ол тіпті әйелінің әр аттап басқан ізін аңдитын болған. 30 қаңтар күні ашуға бой алдырып, әйелінің басын шапты. Артынша ақыл-есінен адасқан күйі әлгі басты қолына алып жүре берген”, – дейді тергеуші Виджай Кхатри.


Жіберіп алмаңыз:

Жалаңаштанған тағы бір астаналық қыздың суреті желіде тарап кетті

Танымал адвокат Астанада эротикалық суретке түскен қызға көмегін ұсынды

Қазақстанда өзге планеталықтардың “қонатын аймағы” табылды

Шымкентте полицейлер бұзақы жайлы ақпарат айтқан адамға 500 000 теңге беруге уәде етті

Талқылау