Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Фермер егінін қорғау үшін ең қауіпті аюдың костюмін сатып алды

Үндістанның Телангана штатындағы Кохеда ауылының фермері егінді маймылдардан қорғау үшін әлемдегі ең қауіпті аюдың костюмін сатып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фермер Бхаскар Редди дақылдарды маймылдар мен жабайы қабандардан қорғау үшін ерекше идеяны ойлап тапты. Ол Хайдарабадқа театр киімдерінің сатушысына барып, ең қорқынышты аюдың костюміне тапсырыс берді. Бір аптадан кейін костюм дайын болды.

Осыдан кейін ол аю костюмін киіп, далада жүріп, жабайы жануарларды қорқытуы керек адамды жұмысқа алды. 

Реддидің жүгері мен түрлі көкөністер өсіретін 10 гектар жері бар.

Жаңашыл идеяны жүзеге асырғаннан кейін маймылдар диқанның егіс алқабына бір-ақ рет кіріп көрмек болған. Кейде костюмді ер кісінің баласы киеді. Орта бойлы аюды көрген маймылдар Реддидің егінжайынан аулақ жүруге тырысады.

Жергілікті фермерлер тәжірибе жинақтап, жануарларды қорқытудың бұл әдісі қалай жұмыс істейтінін көру үшін Реддидің егіс алқабына келеді.

 

Гүлдана Қазтай
Сенбі, 02 Сәуір, 2022 15:58
Талқылау