AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Фенербахче" клубының жанкүйерлері Украинаның командасына қарсы ойында Путиннің атын ұрандатқан (видео)

Түркияның "Фенербахче" клубының жанкүйерлері Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде Киевтің "Динамосына" қарсы ойында Ресей президенті Владимир Путиннің есімін ұрандатқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі Cumhuriyet басылымына сілтеме жасап.

футбол 2022

"Ла-ла-ла-ла-ла, Владимир Путин!" - деп айқайлаған жанкүйерлер.

Басылым "Динамоның" жартылай қорғаушысы Виталий Буяльский 57-минутта есеп ашқаннан кейін түрік клубының жанкүйерлері Украина командасының жүйкесіне тимек болғанын жазады.

Ойындағы есептің ашылуына бірнеше минут қалғанда Фенербахченің жартылай қорғаушысы Исмаил Юксек екінші сары қағазын алып, ойыннан қуылғаннан кейін түріктер бір ойыншыға азайған.

Ал 70-минутта Эннер Валенсия пенальти айып добын орындағанымен, есепті теңестіре алмады. Дегенмен, негізгі уақыттың аяқталуына бір минут қалғанда түрік клубы жеңіліске жол бермей, есепті теңестіріп кетті. Голдың авторы – венгриялық қорғаушы Аттила Салаи.

Нәтижесінде кездесу динамолықтардың жеңісімен аяқталды. Киевтіктер 114-минутта алаңға жаңа қосылған Александр Караваевтың соққысының арқасында жеңісті жұлып әкетті.

Айта кетейік, Польшаның Виджева қаласында өткен "Динамо" мен "Фенербахче" арасындағы алғашқы кездесу 0:0 есебімен аяқталған еді. Украина командасы Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде австриялық "Штурммен" күш сынасады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр