Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Фариза Төреәлі қайын атасына көлік сыйлады

Фото: Видеодан скриншот

Танымал блогер Фариза Төреәлі қайын атасына темір тұлпар сыйлап қуантты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желі жұлдызы күйеуінің әкесіне тосынсый жасаған.

“Әкемізге көлік сыйладық. Балаша қуанып жүр. Әлі шок болып жатыр. Жүрегі таза, көңілі кең әкеміз аман болсын! Ата-аналарымыз тек жақсылықтарымызды көрсін!” – деп жазды Фариза. 



Блогердің күйеуі, спортшы Дархан Нортаев әкесінің бұрын-соңды көлікке қызықпайтынын айтты. 

“Әкем өмір бойы көлік айдамаған, тіпті қызығушылығы да болмаған, сұрамаған да. Ол үшін ең бастысы – бала-шағасының амандығы. Ал менің алғашқы көлігім де дәл осындай болған еді. Сол себепті, үйренуге ыңғайлы, биік әрі жайлы көлік алып бердік. Ең бастысы – әкем разы. Бұйырса, бұл – әкеме сыйлаган соңғы көлігім емес. Алла қаласа, жыл сайын бұдан да жақсы көліктерге мінгіземін деп ниеттенемін”, – деп жазды спортшы.

Еске салайық, Фариза Төреәлі туған күнінде құны 6 миллион теңгеге сағат алып, қызу талқыға түскен еді.

Гүлдана Нұрлыханова
Сейсенбі, 10 Маусым, 2025 10:15
Талқылау