Фархат Әбдірайымовтың жерлеу рәсімі қалай өтетіні айтылды
Қазақстандықтар "Қазақфильм" киностудиясының кіре берісінде актер Фархат Әбдірайымовты ақтық сапарға шығарып сала алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Фархат Әбдірайымовтың жерлеу рәсімі шағын отбасылық шеңберде өтеді.
“Бүгін таңертең Фархат Әбдірайымовтың денесі Алматыға Грузиядан жеткізілді. Туыстарының хабарлауынша, актермен қоштасу рәсімі ертең, 23 мамырда Алматыда өтеді", - делінген "Қазақфильм" киностудиясының хабарламасында.
"Бұрын жүрегі ауырып жүргені есімде": Фархат Әбдірайымов туралы әріптестері естеліктерімен бөлісті
Пандемияға байланысты шектеулерге байланысты жерлеу жабық режимде өтеді. Тек оның туыстары мен жақын достары актермен қоштаса алады.
Актердің отбасы оның жанкүйерлерін және БАҚ өкілдерін осы шешімге түсіністікпен қарауды сұрайды.
Фархат Әбдірайымовты еске алуға Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының кіре берісінде арнайы жабдықталған орынға гүл шоқтарын қоюға болады.
Еске салсақ, 21 мамырда актер Фархат Әбдірайымов көз жұмды.