Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген Қытайда ауырып қалды

Жанкүйерлері Димаш Құдайбергеннің сырқаттанып қалғанын хабарлады. Олардың айтуынша, Димаштың тамағы ауырып, денсаулық жағдайы нашарлаған. Сол себепті 8-кезеңде ол ойдағыдай өнер көрсете алмаған.

димаш кудайберген-030317

Бұл туралы Димаштың желідегі фан-парақшасында жазылды, деп хабарлайды Stan.kz.

«Достар, Димаш 8 турда 5-орын алды. Тамағы ауырып, даусының үзіліп кеткенін ескерсек, бұл өте жақсы нәтиже. Ол – нағыз әнші, жағдайына қарамастан ән айтты. Ол мүлдем ән айтудан бас тартқан күннің өзінде оған ренжімес едім, керісінше қолдау көрсетер едім.

Оған екі рет дәрі екті. Ән айтып тұрған кезінде ауырып тұрғаны көрініп тұрды. Тамағымыз ауырса біз өлең айтпақ түгілі сөйлей алмай қаламыз, ал ол ән орындады. Нағыз батыр!

Қай орын алғаны маңызды емес, маңыздысы – оның денсаулығы. Қайта-қайта ұшаққа отыруы, климат ауыстыруы, ұйқының қанбауы – барлығы оның денсаулығына әсер етті. Димаш – сен біз үшін ең ең күштісің, осыны біліп жүр! Димаш мұны да жеңеді, оған сенеміз! Алла шипасын берсін, жаным!» – деп жазылған парақшада.

димаш ауырып калды

Айта кетейік, 8-кезеңде Димаш қытай тілінде ән айтып, 5-орын алды.

Жіберіп алмаңыз:

“Singer” жобасында алғашқы эфирден бері Димашпен бірге небәрі 2 әнші қалған (видео)

Жанар Айжанова алаяқ жарнамашыларды сотқа бермек

Қайрат Нұртас елбасының Заңдағы 26-бапқа қатысты ұсынысына пікір білдірді

«Самалтау» әнін шырқаған тағы бір қандасымыз қытайлық көрермендерді тәнті етті (видео)

Талқылау